masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан: Сайрам агроөнеркәсіп кешенін дамытуда облыста көш бастап келеді

29 ноября, 2022
in Экономика
0
Түркістан: Сайрам агроөнеркәсіп кешенін дамытуда облыста көш бастап келеді
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Сайрам ауданының агроөнеркәсіп саласында биылғы жылдые 10 айында 108 млрд теңгеден астам өнім өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге артқан. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков брифингте мәлімдеді.

Биыл «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған» «АLTYN KÚZ -2022» салтанатты мерекесінде Сайрам ауданы «Агроөнеркәсіп кешенін даму көрсеткіштерін орындау» бойынша облыста көш бастаған болатын.

— Жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы 10 айда 202 млрд теңгеге жетті. Жалпы өнімнің 53%-ы — ауылшаруашылығы саласына тиесілі болса, 24%-ы — өнеркәсіп саласының, ал 5,8%-ы — құрылыс саласының үлесінде. «Бір жерден бір жылда екі рет өнім алу» жобасы биыл 306,2 гектарға жетті. Өңдеу өнеркәсіп саласында 41 млрд теңгенің өнімі шығарылып, облыс бойынша аудан 2-орында, — деді аудан басшысы.

Аудан экономикасына жыл басынан 32,9 млрд теңгеге инвестиция тартылған. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша облыс көлемінде аудан 3-орында тұр.

Инфрақұрылым бойынша, табиғи газбен қамту көрсеткіші 73,8%-ға жеткен. 2023 жылы аудан халқын газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 88%-ға, ал 2024 жылы 100%-ға жеткіземіз деп жоспарланған. Сонымен қатар, аудан көлеміндегі 1 298,1 шақырым автокөлік жолдардың 59,9%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Қазіргі таңда 12 ішкі көше орташа жөндеуден өтіп, аудандық маңызы бар 4 автомобиль жолында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Нәтижесінде, жыл соңында пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 61,6%-ға жеткізілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Отырар ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді

Next Post

Түркістан: Жетісайда өңірлік өнім 133,8 млрд теңгеге жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде