masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Отырар ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді

29 ноября, 2022
in Қоғам
0
Отырар ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Биылғы жылдың есепті кезеңінде 13 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысы аяқталса, оның ішінде 12 елді мекен табиғи газға қосылды. Жақында ғана ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Дархан Амангелдіұлы аудан орталығы Шәуілдір ауылына табиғи газ қосу шарасына қатысқан еді. Енді міне жергілікті халық тұрғын үйлеріне газ кіргізіп, жандары рахатқа бөленуде.

Бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ауыл тұрғындары Шайырбек Айжарықов пен Есенгелді Диханбаевтың шаңырағында болып, қос қарияның қуаныштарымен бөлісіп қайтты.

«Бұрын көмір мен ағаш отын жағып жан бағатын едік. Енді табиғи газдың иігілігін көріп жатырмыз. Осы уақытты көптен бері күтіп жүрген едік. Аллаға шүкір ол күнге де жеттік. Осы жұмыстарды ұйымдастырған аудан әкімдігінің басшылығына, ел азаматтарына ризашылығымызды білдіреміз» — деген тұрғындар аудандағы игі істер жалғаса берсін деген тілектерін жеткізді.

Шәуілдір ауылын табиғи газбен қамтитын газ құбыры жүйесі құрылысы 4 жыл жүргізіліп, биыл пайдалануға беріліп отыр. Оның құрылысы облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізілді. Жалпы ұзындығы 78,414 шақырымды құрайды. Жоба аясында 1615 тұрғын үй (10 мыңға жуық адам) табиғи газбен қамтылатын болады.

Мұнан соң аудан басшысы Талапты ауылына табиғи газ қосу шарасына қатысты. Ауылда жеке тұрғын үйлерді газбен қамту нәтжесінде 210 абонент табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 100 пайызға жететін болады. Жалпы ұзындығы 19,5 шақырымды құрайды.

Ауданның даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған 7 елді мекенді (Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Көкмардан, Шытты, Отырар), 2024 жылы 3 елді мекенді (Сарыкөл, Сырдария, Қостүйін), 2025 жылы қалған 12 елді мекенді (Аққұм, Көксарай, Жанкел, Шеңгелді, Ызакөл, Маяқұм, Бестам, Қостерек, Балтакөл, Ақкөл, Көлқұдық, Үштам)табиғи газ жүйесіне қосу жоспарланып, межелі 100 % көрсеткішке қол жеткізіледі деп күтілуде.

 

Previous Post

Түркістанда «Turan» арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары талқыланды

Next Post

Түркістан: Сайрам агроөнеркәсіп кешенін дамытуда облыста көш бастап келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде