masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Жылыту маусымындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 1 миллионнан астам тұрғынға нұсқама берілді

24 ноября, 2022
in Қоғам
0
Түркістан: Жылыту маусымындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 1 миллионнан астам тұрғынға нұсқама берілді
0
SHARES
0
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан халық газдан уланып, жеке секторда өрт оқиғалары тіркеліп жатады. Сала мамандары «өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау қайғылы оқиғалар тудыруы мүмкін» деп қабыл қағады. Жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында баяндалды. Онда алдын алу шараларын барлық құзырлы орган өкілдері жұмыла жүргізуі тиіс екені айтылды.

– Өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілгені жөн. Сапасыз пештер мәселесі де өзекті. Түркістандағы жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты үйлерді де аралап, тұрғындарына қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіздер. Ауылды елді мекендерде де тұрғындар газ пешін жаңадан орнатып, оны дұрыс қоса алмауы мүмкін. Жылыту маусымындағы қауіпсіздік мәселесі қатаң бақылауда болады, – деді Дархан Сатыбалды.

Облыс аумағында жылыту маусымына орай тұрғын үйлердегі газ қолдану, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Пешпен және рұқсат етілмеген пештердің көмегімен жылынатын жеке үйлердегі жағдай – басты назарда. Төтенше жағдайлар департаменті арқылы жыл басынан 257 407 (376 227 есепке алынған) жеке тұрғын үй араланып өрт қауіпсіздігіне қатысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. 430774 кемшілік анықталды. 1 млн. 203 мың 286 тұрғынға нұсқама берілді.

Жылыту маусымында өрттің алдын алу улы газдан уланудың алдын алу мақсатында мамандар газосигнализатор қондырғыларын орнатуды ұсынады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Құсбегіліктен әлем чемпионатының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

Next Post

Түркістандық Аделаида халықаралық турнирде қос алтынның иесі атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде