masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір жастарымен кездесті

7 ноября, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің 150-ден астам белсенді жастарымен кездесті. Еркін
форматта пікірлесті. Олардың ойын тыңдап, ұсыныстарын тыңдады. Ақыл — кеңес берді. Жастарға сенім
артатынын айтқан облыс әкімі игі істердің басында жүрген ұл-қыздарға алғыс білдірді.
Өңірдегі жастар саясатына үлес қосуға шақырды.
— Бүгінгі кездесуде өзекті мәселелер мен тың идеяларыңызды ортаға салуға шақырамын. Жастар арасындағы
проблеманы сіздерден артық ешкім білмейді. Мәселелер айтылып, шешу жолдарын талқылайық. Қоғамның
қозғаушы күші – жастар. Сіздер болашақтың жас құрылысшысы екендеріңізді еш уақытта естен
шығармауларыңыз керек. Барымызды бағалайық. Білім алыңыздар, еңбек етіңіздер, аға буынның ақылына
құлақ асыңыздар, үздіксіз ізденісте болыңыздар. Жеке кәсіп ашуға құмар жастар қатары артып келеді.
Жалынды жас үшін асу асып, өткелдерден өту қиын емес. Ең бастысы, биік мақсат, мәртебелі мүдде болу
керек,- деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Еркін форматта өткен кездесу екі сағатқа созылды. Көп мәселенің күрмеуі шешілді. Жастар өңір басшысына
түрлі сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді. Жұмыспен қамту, қолжетімді баспана мәселесін көтерді. Білімді
жетілдіру, жас кәсіпкерлерді қолдау, қоршаған ортаны қорғау жайлы айтылды. Облыс әкімі жастармен жиі
жүздесуге дайын екендігін айтып, көтерілген тақырыптар аясында жұмыс істелетіндігін жеткізді. Мұндай
кездесулер жалғасын табады.
Түркістан қаласында облыстық жастар ресурстық орталығының ғимараты орналасқан. Орталықты аралап
көрген
облыс әкімі Дархан Сатыбалды 17 аудан, қала бойынша Жастар ресурстық орталығы басшыларымен
танысты. Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерасыл Төлебаев атқарылған жұмыстардың
есебін берді.
Түркістан өңірінде 470 мыңнан аса жас бар. Бұл — республика жастарының 13%-ы. Облыс халқының төрттен
бірін құрайтын жастардың 80%-дан астамы ауылда тұрады. Олардың арасында еріктілер де баршылық.
Қоғамдық жұмыстарға араласып, түрлі бағытта, түрлі жағдайларда халыққа қызмет көрсетуде.
Кездесу соңында облыс әкімі белсенді жастармен бірге ағаш отырғызды.

Previous Post

Түркістан: Келестік шаруалар Өзбекстанға кетті

Next Post

Түркістанды дамытудың екінші кезеңі басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде