masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан: Келестік шаруалар Өзбекстанға кетті

7 ноября, 2022
in Uncategorized
0
Түркістан: Келестік шаруалар Өзбекстанға кетті
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан әкімдеріне ауылшаруашылығы мақсатындағы
жерлерді мақсатына сай пайдалануды, табиғи мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңа технологиялар
арқылы интинсивті бау шаруашылығына басымдық беруді қолға алу бойынша тапсырма берді.
Берілген тапсырма аясында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы делегация құрып,
Өзбекстан Республикасына барды.


Көрші мемлекеттің Ташкент, Джиззах және Самарқанд облыстарының аудандарын аралап, жергілікті
шаруа қожалықтарының жұмысымен танысуда. Мақсат – көрші мемлекеттегі шаруалардың егін
егудегі тың технологияларын меңгере отырып, көп жылдық екпелерді, яғни интинсивті алма, жүзім
сынды өнімдерді Келес даласына тарта отырып, игерілмей жатқан жерлерге көкөніс өнімдерін егу
бойынша өзбек шаруаларымен тәжірибе алмасу.


Аудан басшысы Ташкент облысының шаруаларының жұмысымен танысты. Ондағы көкөніс сақтайтын
қоймалардың технологиясы, артықшылықтары мен тиімділігі жайында ақпарат алып, шаруалар
өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Келес ауданынан барған делегация Самарқанд
облысына қарасты Тойлоқ ауданындағы «Боғи зоғон» шаруа қожалығының жұмысының барысымен
танысты. Шаруа қожалығында 15 гектар интинцивті алма бау, 1 гектар жылыжай және сыйымдылығы
200 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма жұмыс жасап тұр.

Шаруа қожалығының иесінің айтуынша жаңа технологияны Түркия мемлекетіне барып, сол жақтан
меңгерген. Ауа-райының ылғалдығы, жазғы ыстықтың егінге берер пайдасы мен зияны жайында
сұрақтарын қойған келестік шаруалар тиісті жауаптарын алды.

Сондай-ақ келестік делегация Джизах орман шаруашырығы мекемесіне қарасты көшет өндіру
процесімен танысты. Алдағы күндері келестік делегацияның сапары Өзбекстан Республикасының
оңтүстік облыстарындағы шаруалардың жұмыс барысымен танысатын болады.

Previous Post

Түркістан облысында қоқысты қайта өңдеу жұмыстары жанданады

Next Post

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір жастарымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде