masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістанда түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген 12 жасөспірім анықталды

2 ноября, 2022
in Қылмыс
0
Түркістанда түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген 12 жасөспірім анықталды
0
SHARES
2
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістанда түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген 12 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Оған Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де ат салысты. Полицейлер түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандардың ата-аналарын жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы) бойынша 12 хаттама толтырылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін бір құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса ювеналды полиция инспекторлары ата-аналарға балалардың түнде үйден тыс жерде болуына жол бермеу керектігі туралы түсіндіріп, құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналарға мұндай түнгі рейдтер күнделікті жүргізілетінін атап өтті. Ал кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуға тыйым салынатыны айтылды.

Previous Post

Түркістанда полицейлер жерасты цехын анықтап, 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі

Next Post

Түркістанда өзгенің мүлкін жалға алып, сатып жіберген ер адам қолға түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде