masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістанда полицейлер жерасты цехын анықтап, 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі

2 ноября, 2022
in Қылмыс
0
Түркістанда полицейлер жерасты цехын анықтап, 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі
0
SHARES
2
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістанда полицейлер жерасты цехын анықтап, одан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан қаласында контрафактілік өнім дайындау жерасты цехын анықтап, оның қызметіне тосқауыл қойды.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша Түркістан ҚПБ-ға тіркеуге алынды. Нәтижесінде полицейлер төрт ер азаматты анықтады.

Оның бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырушы, яғни Түркістан қаласының тұрғыны болса, қалған екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары және бір Өзбекстан азаматы. Жедел уәкілдер аталмыш үйдің ауласын тінту кезінде 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты, олардың саны шамамен 200 дана болған. Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Ұнтақты заттың жалпы салмағы сегіз тоннадан асты. Аталған ер азаматтар қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни “Ariel”, “Миф”, “Tide” және “Persil” сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған. Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.

 

 

Previous Post

Түркістан: Сарыағаштық шаруалар жылына екі рет өнім алады

Next Post

Түркістанда түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген 12 жасөспірім анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде