masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістанда Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауының ашылу салтанаты өтті

20 октября, 2022
in Мәдениет
0
Түркістанда Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауының ашылу салтанаты өтті
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Бүгін Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауы басталды. Ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, еліміздің танымал жұлдыздары мен зиялы қауым өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.
– Киелі Түркістанда Тұран үнін асқақтататын халықаралық байқау өтіп жатыр. Біріншіден ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының атынан шын жүректен фестивальдің ашылуымен құттықтаймын және барлық қатысушыға сәттілік тілеймін! Түркістан түркі дүниесінің, түркі мәдениетінің рухани ордасы. Бүгінгі фестиваль Ұлы даланың, ата-бабаларымыздың қанында бар ән-жырдың мерекесі. Осынау мерекеде Қазақ елінің Түркістан сахнасында шетел әншілері де ән салады. Сондықтан бүгінгі кеш баршамызға зор демалыс сыйлайды деп сенемін, – деді Султан Раев.
Осындай халықаралық байқаудың киелі шаһарда өтуі де заңды. Өйткені аталмыш фестиваль Қазақ музыкасы мен қазақстандық композиторлардың үздік шығармаларын, сондай-ақ қазақ әндерін әлемге насихаттау, шығармашыл, дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, халықаралық байланыс пен өзара ынтымақтастықты нығайту, рухани әрі мәдени құндылықтар алмасу, Түркістанның туристік әлеуетін арттыру сынды үлкен мақсат қойған.
Ашылу салтанатында Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Польша, Черногория, Беларусь, Молдова, Грузия, Сербия, Қарашай-Шеркес республикасы, Бурятия, Македония, Болгария мемлекеттерінен келген қатысушылар елімізге танымал эстрада әншілерімен бірге қазақ әндерін шырқады. Олардың қатарында Төлеген Мұхамеджанова, Нұржамал Үсенбаева, Медеу Арынбаев, Айгүл Қосанова, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, «Меломен» тобы, Рухия Байдукенова сынды мәдениет майталмандары мен өнер жұлдыздары бар.
Халықаралық байқау ертең де жалғасады. Қатысушылар екі кезеңде де қазақ әндерін шырқайтын болады. Оған шығармашылық интеллигенция өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар, продюсерлерден құралған кәсіби қазылар алқасы төрелік етеді. Жеңімпаздар Гран-при, Бірінші, екінші және үшінші дәрежелі лауреат, сонымен қатар түрлі номинация бойынша арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады.
Айта кетейік, бұған дейін аталмыш байқау 2 рет онлайн түрде өткен болатын. 2020 жылы Малдова республикасынан Галина Шкода бас жүлдені жеңіп алса, 2021 жылы Бурятиялық Цыден Еши Бимбаев Гран-при иегері атанған. Халықаралық ән сайының нәтижесінде 4 елдің үздік әншілерінен құрылған «Turan Boys» квартеті бүгінде қазақ әндерін насихаттауда зор үлес қосып жүр.Мәдени-музыкалық жаңалық саналатын Халықаралық «Voice of Turan – 2022» қазақ әндері байқауын 25 қазан — Конституция күніне орай Түркістан облысы әкімдігі мен Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
Previous Post

Кентаудың қоржыны тағы бір жеңіспен толықты

Next Post

Арыстық кәсіпкер спорт алаңшасын салып берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде