
Жамалхан Нұрхан Ерханұлы 2007 жылы 27 сәуір күні Кентау қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Нұрхан Кентау қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы №19 орта мектебінде 10-шы сыныбында оқиды. Оқумен қатар Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәжірибелі бапкер Самат Арғынбаевтың тобында Дзюдо, самбо қазақ күрестерін қатар меңгеріп жүрген спортшы. Бірнеше рет облыс жеңімпазы, Республикалық турнирлерде жеңімпаз жүлдегер атанған. Спортпен шұғылданғанына 8 жыл болған.