masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістан музыкалық драма театры бас жүлдеге ие болды

17 октября, 2022
in Мәдениет
0
Түркістан музыкалық драма театры бас жүлдеге ие болды
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына орай, Алматы қаласында 13-17 қазан аралығында өткен II халықаралық «Исабеков әлемі» театр фестивалінде Түркістан музыкалық драма театры сахналанған «Бөрте» спектаклі бас жүлдеге ие болды. Бір автордың пьесалары бойынша өткен фестивалге алыс-жақын шетелден үш, Қазақстаннан үш театр қатысқан болатын. Ел мәдениетінің елеулі оқиғасы болған шараға келушілер қатары көп болды.
Бөрте – әлем тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, Шыңғыс ханның қоңырат тайпасынан алған бірінші әйелі. Бөртеге арналған тұңғыш шығарманың қазақ сахнасында қойылуы да «тұңғыш» екенін атап айту керек. Спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, батыр да батыл, бір басында драмасы мен трагедиясы жетіп артылатын қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады. Қойылым декорацияның шынайлығымен, сахналық киімдердің тартымдылығымен, реквизиттерді шеберлердің арнайы дайындауымен ерекшеленеді.
«Бөрте» спектаклінің режиссері — италиялық – Давиде Ливермор, көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, композитор – Хамит Шанғалиев, әдеби редактор – Шынар Омарова, ғылыми кеңесші –тарихшы, т.ғ.к., Нұрлан Атығаев. Рөлдерде – Еркебұлан Дайыров, Лейло Ақназар, Әділ Ахметов, Қонысбек Бекайдаров, Зәмзагүл Бекайдарова, Алихан Идрышева, Нартай Сауданбекұлы, Ақбота Рахат, Әшім Ахметов, Толқын Нұрбекова және Түркістан музыкалық драма театрының әртістері.
Еске сала кетейік, 13 қазан күні аталмыш спектакль Алматы театрында халықаралық театр фестивалінің шымылдығын ашқан болатын.
Previous Post

Тарихи мекендер мен ескерткіштерді қорғау мәселесі талқыланды

Next Post

Түркістандағы марафонға 2 мыңға жуық азамат қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде