masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістандағы марафонға 2 мыңға жуық азамат қатысты

17 октября, 2022
in Uncategorized
0
Түркістандағы марафонға 2 мыңға жуық азамат қатысты
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Облыс орталығы Түркістан қаласында «Turkistan Marathon-2022» шарасы өтті. Эстафеталық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелден келген 2 мыңға жуық адам қатысып, бақтарын сынады. Спортсүйгіш жандардың басын қосатын бұл ауқымды жоба шаһарымызда осымен 2-ші рет өткізілуде. Сайыстың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, белсенді жандарға сәттілік тіледі.

Еліміздің өзге аймақтары мен Өзбекстан, Тәжікстан және Түркия сынды шет мемлекеттерден келген қатысушылар бақтарын сынап, жеңіс тұғырынан көрінуге күш салды.

Марафоншылар 3, 10, 21 шақырым қашықтықтарда жүгірді. «Керуен сарай» кешені алдынан бастау алып, Б.Саттарханов даңғылының бойымен Шымкент бағытына қарай Ж.Майкотов көшесіне дейінгі аралықты қамтыды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, эстафета қатысушылары бірнеше санат бойынша іріктелген. Атап айтқанда, 10 мен 15 жас аралығы, 16 мен 39, 40 пен 49 жас аралығы сонымен қатар 60 пен одан жоғары жастағылар болып бөлінген.

Сайыс қорытындысында мәреге бірінші жеткендерге қаржылай сыйлық табыс етілді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан музыкалық драма театры бас жүлдеге ие болды

Next Post

Дархан Сатыбалды: «Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде