masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістан облысында ЖБО қызметкерлері 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

29 сентября, 2022
in Қылмыс
0
Түркістан облысында ЖБО қызметкерлері 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысында ЖБО қызметкерлері 10 күнде 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамдар көп жиналатын жерлерде, көшелерде орнатылған бейнекамералардың көмегімен түрлі құқық бұзушылықтардың дер кезінде анықталуын және қылмыстың жолын кесуді қадағалайды.

Мәселен, Жедел басқару орталығының операторлары бейнебақылау камералары арқылы соңғы 10 күнде 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 391-і қауіпсіздік белдігін тақпау, 39-ы көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, 40 дерек дұрыс емес жерде тоқтау, 15-і күңгірттеу және 6 жайт қарсы қозғалыс жолағына шығу.

Мысалы, Түркістан қаласы Нышанов көшесінде кезекші полицейлер камералардың көмегімен тұтас жолақ пен қарсы қозғалыс жолағына шығудың 6 фактісін тіркеді. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары аталған құқық бұзушылықтар туралы жинақталған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады.

Қос тұтас сызықты кесіп, қарама-қарсы бағытта жүретін жолдың жүріс бөлігіне шығып кетіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған бұл жүргізушілер 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Previous Post

Ұшақта құқық бұзушылық жасаған шымкенттік айыппұл арқалады

Next Post

Шымкентте мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде