masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Ұшақта құқық бұзушылық жасаған шымкенттік айыппұл арқалады

29 сентября, 2022
in Қылмыс
0
Ұшақта құқық бұзушылық жасаған шымкенттік айыппұл арқалады
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ұшақта құқық бұзушылық жасаған шымкенттік айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Шымкент қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесіне Qazaq Air әуе компаниясының өкілі жолаушылардың біріне қатысты шара қабылдау туралы өтініш білдірді.

Оның айтуынша, ер адам Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсіне отырғызу кезінде өзін дөрекі ұстап, әуе компания қызметкерлерін балағаттаған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

М. Айтуғановтың айтуынша, көлік полицейлері тексеру кезінде Шымкент қаласының 46 жастағы тұрғынын анықтады.

– Медициналық куәландыру бойынша оның “орташа дәрежедегі” алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 434-бабы және 566-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды. Нәтижесінде жоғарыда аталған азаматқа 8 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді М.Айтуғанов.

Ұсақ бұзақылық бойынша материал тиісті шешім қабылдау үшін Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлерімен түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 33 749 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін – 3382, ұсақ бұзақылық үшін 458 адам жазаланды.

Previous Post

Өз ауласында сора өсімдігін өсірген шымкенттік ұсталды

Next Post

Түркістан облысында ЖБО қызметкерлері 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде