masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Кентауда ұлы дала дарыны бар

25 мая, 2022
in Мәдениет
0
Кентауда ұлы дала дарыны бар
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Бала кезден ерекше болып өскен Мұхамедәлі Бахтияр 5-ші сыныптан бастап бейнелеу сабағына деген қызығушылығы артады. Сабақта өз қатарластарынан даралана түседі. Сурет салуға деген ерекше қабілетін байқаған ұстазы өз алдына жұмыс жасай бастайды. Сонымен қоса, сурет мектебіне түсіп, дарынын жетілдіреді. Мұхамедәлі сурет салудың графика жанрына жақын болады. Алғашқы сайысқа қатысып 2018 ж «Үздік графика» номинация иегері атанады. №14 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінде оқитын дарын иесі тек қалаға ғана емес, басқа да өңірдегі байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие бола бастайды.
2018 -2021 ж аралығында қатарынан «Аяз салған өрнектер» атты жарысқа қатысып 1-2 орын иегері, 2019- ж «Бір кітап -бір сурет » қалалық байқауына бас жүлде, 2019-2020 жылдары «Біз бейбітшілікті жақтаймыз» атты байқауда 1 –орын алып ерекше өнер иесі екенін дәлелдейді. Шымкент қаласында өткен 2019-2021 жылдар аралығында қатарынан Қазақстан Ұлттық Юнеско клубының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала аңыздары» атты байқаудың 1,2,3 орын иегері болады. 2020 жылы Әл-Фараби 1150 жылы мен Абайдың 175 жылдығына орай байқауда 1-орын алады. Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз» атты республикалық суретшілер байқауында 1-дәрежелі дипломына, Ұлы дала дарыны-төс белгісіне ие болады.
Жылдан жылға қылқалам иесі Мұхамедәлі жан-жақтан шақыртулар алып, түрлі байқауларға қатысып жоғары нәтижеге жетеді. Тіпті Ресей мемлекеті Новосибирск қаласында өткен «ЦВЕТИ И ЗДРАВСТВУЙ , ВЕЛИКИЙ ГОРОД ТУРКЕСТАН» атты байқауда өз шеберлігін көрсетіп 1-ші орынды иеленеді. Сурет салудың ерекше жанры графика түрін таңдаған Мұхамедәлі өз дарындылығын тек елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде де дәлелдеп келеді.
Жалпы, графикамен сурет салу өте майда жұмыс болып табылады. Оған кез — келген жан төзе алмайды. Өйткені графика төзімділікті пен көп уақытты қажет етеді. Мұхамедәлінің графика тәсілімен ұзақ салынған еңбегі «ана мен бала» деп аталады. Оны жарты жыл бойы салып, нәтижелі етіп шығарады. Болашағынан үміті зор жас суретші болашақта архитектор мамандығына түсуді жоспарлап отыр. 11 сыныпты аяқтағалы отырған дарынды оқушымен мектептің барлық ұстаздары мақтанады. Жуырда ғана Кентау қаласының әкімі Рашид Аюповтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Previous Post

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб облыс кәсіпкерлерімен кездесті

Next Post

«Аппақ келінді» өзбектен ұрлаған жоқпыз – Cержан Серікбаев

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде