masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб облыс кәсіпкерлерімен кездесті

22 мая, 2022
in Қоғам
0
Референдумды қоғамдық қолдау  жөніндегі республикалық штаб облыс кәсіпкерлерімен кездесті
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу
5 маусымда өтетін референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб және өңірлердің қоғамдық штабтары республика көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізуде. Осы мақсатта республикалық штаб Түркістан қаласында өңіраралық кездесу ұйымдастырып, оған оған республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Түркістан облысының кәсіпкерлері қатысты. Жиынды ашып жүргізген Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев мемлекеттік маңызы бар реформаны жүзеге асыру — бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт екенін айтты.
«Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов мемлекеттің маңызды мәселелерін халық болып шешуге шақырды.
Ал республикалық кәсіподақ федерациясы басшысының орынбасары Нұрлан Өтешов, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков, «Түркістан Болашақ» балабақша директоры, облыстық мәслихат депутаты Шолпан Бегалиева ел тарихында өткізілетін екінші референдумға бір үйдің баласындай қатысуға шақырды.
Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев референдум мәселесінен бөлек, кәсіпкерлерге Президент тарапынан көрсетілетін қолдауын атап өтіп, кәсіпкерлердің ел экономикасына қосқан үлесі, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының өзекті мәселелерін көтерді.
Бұдан бөлек жиынға қатысқан кәсіп иелері республика бойынша өткізі­летін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, бизнес төңірегінде талқылауға белсене қатысты.
Previous Post

Рефендумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабының отырысы өтті

Next Post

Кентауда ұлы дала дарыны бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде