masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Amanat: Халықтың референдумнан күтер үміті зор

19 мая, 2022
in Қоғам
0
Amanat: Халықтың референдумнан күтер үміті зор
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Халық өз таңдауы арқылы еліміздің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам жасайды. Референдумның өтетін уақыты белгілі. Оны өткізу тәртібі қандай, халыққа не береді? Ел үшін маңызы қандай? Бүгін, Шымкент қаласындағы жұмыс сапары барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшесі Бекжанов Берік Айдарбекұлы Абай ауданындағы Шұғыла, Ақниет шағынаудандарының тұрғындарымен кездесіп, референдумның мән-жайын түсіндірді.

Өзгеріс өзімізге керек. Конституциямызға енгізілетін өзгерістерді бекіту үшін өтетін референдумның мәні мен маңызы осында. Елдегі реформаларға құқықтық негіз болатын өзгерістер халық талқысына салынып отыр. Ендеше, оны қолдап, дауыс беру елге жүктелген жауапкершілік. Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құжаты – Конституциясы. Ал ондағы жазылған әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі маңызды рөл атқаратынын азаматтар түсінуі керек. Қазірден елдегі орын алып жатқан өзгерістерді дұрыс саралап, ой түйіп, немқұрайлылық танытпау қажеттігі айтылды.

Жалпы кездесуде тұрғындар Мәжіліс депутатына көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өзара пікір алысты. Атап айтсақ, сауалдардың басым бөлігі зейнеткерлік жасын төмендету, азық-түлік бағасы, қоғамдық көлік, тұрғын үй мәселесі және инфрақұрылым мәселелері төңірегінде өрбіді.
Жиын соңында Берік Айдарбекұлы әрбір Қазақстан азаматы референдумға қатысудың маңыздылығын сезінуі тиіс екенін айтып, барлық тұрғындарды 5-маусым күні өтетін саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

Previous Post

Әділетті қоғамда халық билікке сенеді

Next Post

Жаңа Қазақстанның жарқын келбеті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде