masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мәжіліс депутаты конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша кездесу өткізді

17 мая, 2022
in Қоғам
0
Мәжіліс депутаты конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша кездесу өткізді
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов Бадам ауылдық округінде орналасқан «Борте милка» ЖШС жұмысшыларымен конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Өндірістің еңбек ұжымымен кездесуде Мәжіліс депутаты Конституцияның 33 бабына енетін өзгерістер туралы ақпарат беріп, 5 маусымда ел аумағында өтетін референдумға қатысуға шақырды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей еліміздегі табиғи қазба байлықтар мұнан бұрын республикадағы санаулы топтың қолында болған. Енді сол байлық халықтың меншігіне өтпек. Бір сөзбен айтқанда бұл реткі саяси реформа еліміздің еңсесін тіктеуге, халқымыздың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізбек. Сондықтан елдің болашағына бей-жай қарамайтын азамат ретінде маусым айындағы саяси науқанға қатысады деп сенемін», — деді Қайнар Бегалыұлы «Борте милка» ЖШС ұжымымен кездесуде.
Сондай-ақ, халық қалаулысы суперпрезиденттік басқару формасынан түпкілікті бас тарту, жер және жер қойнауы халықтың меншігі болатындығы, Президент туыстарының квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік қызметте басшылыққа тағайындалмайтындығы жөніндегі өзгертулерге кеңінен түсініктеме беріп өтті.
Келелі кездесуде облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш конституциядағы өзгерістер туралы өз ойын ортаға салып, референдум өткізудің мән-маңызына тоқталды.
Өндіріс орнының қызметкерлерімен кездесуден соң Қайнар Абасов бастаған халық қалаулылары аудан орталығы Темірланда жастар мен зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Жастардың көкейінде жүрген талап-тілектерін тыңдап, жастар мен зиялы қауым өкілдерін қоғамның белсенді мүшесі ретінде Жаңа Қазақстанды бірге құруға үгіттеді.
«AMANAT» партиясы аудандық филиалы ғимаратында аудандық маслихаттағы партия мүшелерімен конституциялық реформалар бойынша пікірлесті.
Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттары жергілікті өзін-өзі басқару бойынша бірқатар талап-тілектерін ортаға салды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов аудан әкімі Бағлан Батыршаевпен бірге Төрткүл ауылында шаруалармен кездесті.
Халықпен кездесуде халық қалаулысы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша ой ортақтасты.
Шаруалардың мұң-мұқтажын тыңдап, қордаланған мәселелерді Мәжіліс мінберінде салалық министрліктерге депутаттық сауал ретінде жолдайтындығын жеткізді.
Жиын соңында Қайнар Бегалыұлы халықтың пайдасына қызмет ететін Заң жобасын орнату үшін барша шаруаларды республикалық референдумға қатысуға үгіттеді.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Previous Post

Басқарма басшысы тағайындалды

Next Post

Түркістанда «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде