masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мақтааралда жүк көліктерінің жүргізушілері ас берді

16 мая, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мақтаарал ауданы соңғы 3 жылда облыс көлемінде үздік экспорттаушы аудан атанып келеді. Осы жетістіктерге жетуде және аудан шаруаларының көктемде көкөністерін, жазда қауын-қарбызын, күзде мақтасын шетелге экспорттауда жол-көлік сауда-логистикасының алар орны ерекше.

Жаз айларында ТМД, Прибалтика елдерінен, Түркия, Германия, Грециядан күніне 300-ден астап жүк көліктері Мақтаарал ауданына кіріп-шығады. Осы мақсатта ауданның кіреберісіне сауда-логистикалық орталық құрылып, шетелден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, кафе, автотұрақ, бассейн кешені мен қосалқы бөлшектер дүкенінің қызметтері қарастырылған. Сондай-ақ, көкөніс сақтау қоймасы да іске қосылған.

Күні кеше ауданның барлық жүк көліктерінің жүргізушілері бірігіп жолда жүргендерге арнайы ас берді. Ауданның сауда-логистикалық орталығында өткен іс-шараға шетелден және еліміздің басқа да облыс, аудандарынан келген жүк көліктерінің жүргізушілері қатысты.

«Біздер үнемі жолда жүретін болғандықтан, әркез осылай ас беріп, бәле-жаладан сақтану мақсатында құран бағыштап отырудың пайдасы да, сауабы да мол. Одан бөлек, шетелден, еліміздің басқа да облыстарынан келген әріптестерімізге дастархан жаю ниетіміз болған еді. Бүгін осы мақсатта дастархан жайып, ас беріп отырмыз» — деді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданында қырыққабат, қызанақ, қияр т.б. көкөніс өнімдері еліміздің барлық өңірлеріне жол тартып, шетелдерге экспортталуда. Сондай-ақ, санаулы күндерден соң қауын-қарбыз өнімдері де нарыққа жол тартатын болады.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Maktaaral akimdigi/ ☆ (@maktaaral_akimat)

Previous Post

«Әлем таныған қаржандық қос ғалым» атты ғылыми конференция өтті

Next Post

Түркістанның жас спортшылары 3 медаль жеңіп алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде