masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

«Әлем таныған қаржандық қос ғалым» атты ғылыми конференция өтті

16 мая, 2022
in Білім
0
«Әлем таныған қаржандық қос ғалым» атты ғылыми конференция өтті
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында «Әлем таныған қаржандық қос ғалым» атты ғылыми конференция өтті. Ол 130-дан астам ғылыми еңбегі, 8 ірі монографиясы жарияланып, ғылымға сүбелі зор үлес қосқан Өнер Жамаловтың 110 жылдығы және «Өзбекстанға қызмет сіңірген экономист» Қажыәкбар Сәлімұлының 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылды.

Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев конференцияда Өнер Жамалов пен Қажыәкбар Сәлімұлының еңбек жолдарына тоқталып, ауданнан шыққан ғалымдарды мақтаныш етіп, кейінгі жас ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу керектігін айтты. Конференция барысында Түркістан облысының Құрметті азаматы М.Ильясов, П.Жамалов және өзге де зиялы қауым өкілдері баяндама жасады.

Іс-шара барысында академик Өнер Жамаловтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, арнайы бұрыш ашылды. Профессор Қажыәкбар Сәлімұлы атындағы география дәрісханасының және Нұрғали Исабаев атындағы математика дәрісханасының тұсаукесері өтті.

Конференция барысында Алтынтөбе ауылдық округі мектептерінің арасында алдын-ала өткізілген пәндік (физика-математика, жағрапия) олимпиада жеңімпаздары марапатталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

№26 бағыттағы автобустар жаңаланды

Next Post

Мақтааралда жүк көліктерінің жүргізушілері ас берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде