masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Miras» кеңесінде референдумның мән-маңызы талқыланды

13 мая, 2022
in Қоғам
0
«Miras» кеңесінде референдумның мән-маңызы талқыланды
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Республикалық референдумның маңызы мен ерекшелігі «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.
Жиынға қатысушылар барлық құжаттардың қайнар көзі – Ата Заңның үштен біріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгелі отырғанынан қазақстандықтар қаншалықты хабардар, бұл саяси науқан несімен маңызды деген сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салды.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тап қазіргі уақыт талабына сай деп есептейді.
🔹«Ата Заңға өзгерту енгізу – өте маңызды мәселе. Қоғамда оның не қажеті бар деген де сөздер айтылып қалып жатыр. Америка құрама штаттары Конституциясының қабылданғанына 300 жыл болды. Бірақ соған қарамастан, олар басты заңға өзгерістер енгізіп отырады. Яғни, біздің Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізуіміз де қазіргі уақыттың талаптарына сай. Бұл мәселеге өте үлкен саяси оқиға деп қарауымыз керек. Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы біз жаңа қоғам қалыптастырамыз. Тек қана мемлекет шешеді, тек қана мемлекет біледі деген парадигманы қойған жөн. Қоғамның өзі оянып, әрбір қазақстандық өзін осы елдің құрушысы, негізін белгілеуші ретінде сезінгені дұрыс», — деді Б.Аяған.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириевтің ойы да осымен ұштасты.
🔹«Қоғам – Қазақстанның азаматтары осы елдің қожайыны екенін сезінуі керек. Тек қана мемлекет құрушы ұлт емес, осы елдің иесі екенін түйсінуі қажет. Ол үшін халықтан сұрап, онымен санасу керек. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. Сол үшін бұл референдум өте маңызды. Бір өкініштісі, қалада ілініп тұрған бір-екі билборд болмаса, халықтың одан хабары жоқ сияқты. Не өзгеріп жатыр, не үшін өзгеріп жатыр, бұл Қазақстан азаматтарының өмірін жақсартуға бағытталған дүние ме, келешекте бұдан не күту керек, бұлардың нәтижесінде кімнен нені сұраймыз деген сұрақтар төңірегінде көбірек ақпарат берген жөн»,- деді ол.
🔹Ал белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы референдум – өте маңызды саяси науқан және ол тікелей демократияның құралы деген ойын жеткізді.
«Өздеріңіз білесіздер, соңғы рет елімізде референдум 1995 жылы өткен болатын. Содан бері бұл тәжірибе ұмытылды. Бұл – жәй ғана демократия емес, тікелей демократияның құралы. Яғни, депутаттар арқылы емес, азаматтар өздері дауыс беріп, тікелей ойын білдіру арқылы Конституцияның қабылдануына ықпал етеді. Сондықтан кеш те болса осындай игі дәстүрдің оралғанының өзі өз алдына маңызды дүние. Азаматтар өзінің мемлекетке қатысы бар, осы елдің азаматы екенін, билікке ықпал ете алатынын сезінуі соңғы 10-20 жылда айтарлықтай әлсіреп кетті. Жалпы, жұртшылықтың сайлау атаулыға деген сенімнен гөрі күдігі басым. Соларды еңсеру тұрғысынан меніңше, референдумның маңызы өте жоғары»,- деді саясаттанушы.
Сондай-ақ жиын барысында «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері анимациялық фильмдердің дубляжын қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету мәселелерін де талқылады.
Previous Post

Дархан Мыңбай Төлеби ауданына іс-сапармен барды

Next Post

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-қазына» АҚ арасында мемарандумға қол қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде