Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік формасынан мықты парламентке ие президенттік формаға көшеді;
президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салынады;
жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болады;
қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;
Қазақстанда өлім жазасы болмайды;
мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптасады;
сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады;
мажоритарлық жүйе сайлаушылардың қалауы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік береді, деді Мәжіліс депутаты.
«Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы..
“AMANAT” партиясының фракция мүшесі М.Ермаханбетова.



