masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында ер кісі балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірді

3 мая, 2022
in Қоғам
0
Түркістан облысында ер кісі балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірді
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қанды оқиға Түркістан облысының Ордабасы ауданында болған. Темірлан ауылында тұратын ер кісі төрт баласының көзінше әйелін ұрып өлтірген.

Анасын әкесінің аяусыз соққыға жыққанына шыдай алмаған үйдің үлкен қызы полицейлерден көмек сұраған. Алайда полицейлер телефон тұтқасын бірден көтермепті.

Жұрттың жағасын ұстатқан қылмыс туралы «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қайғы жұтып отырған отбасының көршілерінің айтуынша, әкесі анасын бір бөлмеге сүйреп, аяусыз соққыға жыққан. Анасының шыңғырған дауысы жанына батқан үйдің үлкен қызы полицейлерден араша сұрап, хабарласқан екен. Бірақ ондағылар телефон тұтқасын бірден көтермеген. Үшінші рет қоңырау соққанда полицейлерден көмек сұрауға мүмкіндік туыпты.

Көршілері марқұм келіншек бұған дейін ешкімге шағым түсірмегенін айтады. Алайда бұл отбасында жиі жанжал шығып, келіншектің үнемі көк ала қойдай денесі көгеріп жүрген екен. Көршілерінің айтуынша, отағасы есірткіге тәуелді болған.

«8, 7, 5 және 2-сыныпта оқитын балалар жетім қалды… Президент ата-ана тәрбиесі үшін жауапкершілік ата-аналарға жүктелетінін айтты. Ал егер балаларда осындай әке болса не істеу керек? Неге барлығы бұған көз жұма қарайды? Әкімдіктерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ бұл ауылдың әкімі неге қол қусырып отырған? Әлде үнсіз ғана адам өлімін күтті ме? Полиция да міндетті түрде кісі өлімін күтіп отырды ма? Ер кісінің әйелін ұрып-соғатынын бүкіл ауыл біледі екен. Ол Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша неге жауапқа тартылмады ма?» — деп жазды Дина Таңсәрі.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер отбасылық жанжал туралы хабарлама полицейлерге түнгі сағат 02.45-тер шамасында келіп түскенін айтты. Олар төрт баланың анасы ауыр жарақат салдарынан көз жұмғанын растады.

«Аталған жайт Ордабасы аудандық ПБ-де Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жолданды. Күдікті өзінің әрекетін мойындап, өкінішін білдіруде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.Тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуы тиіс. Күдікті ер азамат қамауға алынды», — деді Полиция департаментіндегілер.

Ведомстводағылар күдіктінің полиция бөлімінде есепте тұрмағанын алға тартты. Осы күнге дейін көршілерден немесе туыстарынан қандай да бір отбасылық жанжал туралы ешқандай арыз-шағым түспепті.

«Не молчи» қорының жетекшісі балалар қазіргі таңда өздерінің туған әжесінің қасында екенін айтты. Оның айтуынша, аналарынан айырылған төрт балаға психологтың көмегі қажет. Өкініштісі, бұл ауылда кәсіби психолог жоқ екен. Ал Полиция департаментіндегілер қазір төрт балаға психологиялық көмек көсретілгенін айтты.

«Марқұм келіншек пен күдікті ер кісінің ата-аналары кәмелетке толмаған төрт баланы өз қамқорлықтарына алатынын айтып отыр. Балаларға психологиялық көмек көрсетілді. Полиция мен әкімдік тарапынан отбасына барлық қажетті көмек көрсету шаралары қатаң бақылауға алынды», — деп қосты ведомстводағылар.

Previous Post

50 мың қой, 20 мың сиыр, 10 мың жылқы. Бауыржан Оспанов төрт түлігін көрсетті

Next Post

"Саясатпен емес, білім берумен айналысқымыз келеді" Мұғалімдер петиция жариялады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде