masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

50 мың қой, 20 мың сиыр, 10 мың жылқы. Бауыржан Оспанов төрт түлігін көрсетті

3 мая, 2022
in Экономика, Қоғам
0
50 мың қой, 20 мың сиыр, 10 мың жылқы. Бауыржан Оспанов төрт түлігін көрсетті
0
SHARES
33
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақтан шыққан белгілі кәсіпкер, меценат, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов шаруашылығын көрсетті. Ол ауыл шаруашылығы саласындағы бизнесі туралы сыр шертетін арнайы фильм түсіртіп жатыр екен.

Ол фильмде төрт түлік малды бағу бойынша әртүрлі тақырыпта әңгіме өрбітеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Ауыл шаруашылығын насихаттайтын фильмнің қазір 3 сериясы Youtube-тегі Lepsi Product арнасына шығып үлгерді. Онда Бауыржан Оспанов қой, жылқы, сиырларын көрсетіп, оларды баптап, бағудың қыр-сырын айтып береді.

«Сиыр шаруашылығы — өте қиын сала. Бұрын сүт бағытында жұмыс істесек, қазір ет бағытына қарай ойыстық. Өйткені сүт бағыты ішкі нарықта әлі күнге дейін дұрыс жолға қойылмаған. Былайша айтқанда тиімді емес. Сондықтан біз ет саласына қарай өттік. Бірінші жыл Австралиядан 3 мың сиыр ұшақпен келді, жарты жылдан кейін тағы 3 мың құнажынды кемемен алдырдық. Барлығы 6 мың бас аналық болды. Қазір өсіп, көбейіп жатыр. Жылдағысын жылда сатып отырамыз. Қазір қалғаны сол 20 мың бастай бар», — дейді Бауыржан Оспанов.

Қазір оның осы 20 мың сиырымен қоса 50 мың қой, 10 мың жылқысы бар екен.

Сондай-ақ фильмде мецанаттан бөлек малшылар мен жұмысшылар да ауыл шаруашылығына қатысты өз пікірлерін ортаға салады.

Previous Post

Қанша депутат қазақ тілін қолдамады?

Next Post

Түркістан облысында ер кісі балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде