masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Қазақтану» жобасы тұтас елді біріктіреді

Кентау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.

29 апреля, 2022
in Uncategorized
0
«Қазақтану» жобасы тұтас елді біріктіреді
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Мазмұнды іс-шараны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов ашып, жүргізіп отырды.
Жастармен кездесуде сөз алған Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов «Қазақтану» жобасының маңыздылығына тоқталып, жастарды отаншыл болуға шақырды.
– «Қазақтану» жобасы елімізде мекен ететін этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, өзіндік принциптерін дәріптеуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, елді біріктіретін ұлттық бірегей жоба. Бұған өздеріңіз секілді жас буын да өз үлестерін қосуы тиіс. Қазақстанның әрбір азаматы қазақ халқының ең жақсы қасиеттерін – қонақжайлылығын, көзқарасының кеңдігін үлгі тұтқаны жөн. Этностық қатыстылығына қарамастан барлық адамдарды бауырына тартатын кең пейілін дәріптеп, сенім мен достықты бойына сіңіре білуі тиіс. Бұл – біздің жаңа дәуірдің сын-қатерлерін қарсы алатын жалпыұлттық кодымыз, – деді С. Садықов.
Сондай-ақ жиында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Есалы Нұржанов Мемлекет басшысының жаңа Жолдауындағы мақсат-міндеттер төңірегінде ой қозғады.
– Президентіміз таяуда халыққа арнаған Жолдауында: «Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз» дей келе, «Жаңа Қазақстанның» іргесін бірге қалауға шақырды. Бұл ретте жастарға артылар сенім мол. Абылай бабамыз өз заманында: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деген екен. Білімді жастар ғана бәсекеге қабілетті болады, биік жетістіктерге жете алады. Сондықтан жастар бірлікке, білімге, руханият пен дәстүрге сергек көзқараспен қарауы керек, – деді ардагер.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасты. Жиынды қорытындылаған «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов «Қазақтану» жобасы рухани жаңғырудың жарқын үлгісі екенін атап өте келе, бұл бағытта күш біріктіріп бірлесе жұмыс істеуіміз керек деген пікірін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Түркістанда ерлік сабағы өтті

Next Post

«Тұран-Динамо» — ел чемпионатының күміс жүлдегері!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде