masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістанда ерлік сабағы өтті

28 апреля, 2022
in Uncategorized
0
Түркістанда ерлік сабағы өтті
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облысы филиалының, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әскери-патриоттық клубтары тәрбиеленушілерімен ерлік сабағы өткізілді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы аясында өткізілген іс-шараға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, полковник Хосай Абраймов, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша төрағасы, полковник Тұрғанбек Бегимов, ХҚТУ-дың оқытушысы аға лейтенант Талапбай Қасенов арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Кешті «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша төрайымы Аружан Шекербек жүргізіп отырды. Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Кулдербаев пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы, отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Нұркен Аралбеков жастарды еліміздің патриоты болуға шақырды. Келген қонақтар әскери тарихынан сыр шертіп, кешегісі мен бүгінін әңгімеледі. Жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап беріп, оларды әскери болуға шақырды. Ерлік сабағында жастардың рухын көтеретін ұрыс жаттығулары және АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу мен жинаудан мастер-класс өткізілді. Келген қонақтарға сый-сыяпат жасалып, жастар ардагерлермен естелікке суретке түсті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті

Next Post

«Қазақтану» жобасы тұтас елді біріктіреді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде