Әлемдік экономикадағы жаңа жағдайлар елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға да әсеретті.
Мұндай жағдай да мемлекет өз азаматтары алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауды басты басымдық деп санайды.
Осы мақсатта ҚР Парламенті Мәжілісі мақұлдаған бюджет жобасында биылғы жылдың 1 сәуірінде азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейту үшін қосымша 185 млрд теңге бөлінді.
Нәтижесінде азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтуды қолдауға арналған шығыстардың жалпы көлемі 4.4 трлн теңгеден немесе республикалық бюджет шығыстарының төрттен бір бөлігінен (25%) асты.
Бүгінде бұл төлемдерді алушылар еліміздің 4,2 млн азаматы болып табылады, оның ішінде:
* 2,3 млн. зейнеткерлер құрайды,
* шамамен 1,2 млн – балалы отбасылар,
* 700 мыңға жуығы-мүгедектігі бар адамдар және басқа санаттағы азаматтар.
Ақпарат үшін: егер 4,4 трлн. теңгені 4,2 млн алушыға бөлетін болсақ, онда мемлекеттің бір алушыға жұмсалатын шығыны жылына 1 млн теңгеден асады, ал айына 92 мың теңгеден асады.
1. Зейнетақы
Ағымдағы жылы зейнетақы төлеуге 3 064 млрд. теңге көзделетін болады
(нақтылауды ескере отырып), оның ішінде
1) республикалық бюджеттен 2 960 млрд теңге, бұл еңбек министрлігінің барлық шығыстарының 67% — ын құрайды. Олар ынтымақты (еңбек) және базалық зейнетақыны төлеуге бағытталатын болады.
2. жасына байланысты жинақтаушы зейнетақы төлеу үшін ЖЗҚ-дан 104 млрд.теңге.
Жинақтаушы зейнетақыны есептемегенде зейнетақының орташа жиынтық мөлшері (ынтымақты + базалық):
1 сәуірге дейін 1 сәуірденбастап
105 337 теңге 109 346 теңге
-Жинақтаушы зейнетақыны есепке алғандағы зейнетақының орташа жиынтық мөлшері (ынтымақты + базалық + жинақтаушы ) :
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
133 337 теңге 138 616 теңге
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың орташа зейнетақы мөлшері шамамен 30 мың теңгеге жоғары.
2. Мүгедек адамдарды және асыраушысынан айырылған отбасыларды әлеуметтік қолдау
2.1. Ағымдағы жылы мүгедек адамдарға төлем жасауға 370 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде:
1)республикалық бюджеттен Мүгедектігі бойынша жәрдемақыға 342 млрд. теңге
2) МӘСҚ-дан еңбекету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемге 28 млрд. теңге
— Бюджеттен алушылар үшін жәрдемақылардың орташа мөлшері:
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
52 609 теңге 54 608 теңге
— МӘСҚ-дан төленетін төлемдерді ескере отырып, Мүгедектігі бойынша төлемдердің жиынтық мөлшері:
1 сәуірге дейін 1 сәуірденбастап
81 210 теңге 84 353 теңге
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларда төлемнің орташа мөлшері шамамен 30 мың теңгеге жоғары.
2.2. Ағымдағы жылы асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін төлемдерге 111 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде:
1) бюджеттен 92 млрд. теңге
2) МӘСҚ-тан 19 млрд.теңге.
Бюджеттен алушылар үшін жәрдемақылардың орташа мөлшері:
1 сәуірге дейін 1 сәуірден кейін
43 957 теңге 45 627 теңге;
МӘСҚ-тан төленетін төлемдерді ескере отырып, асыраушысынан айрылу бойынша төлемдердің жиынтық мөлшері:
1 сәуірге дейін 1 сәуірден кейін
73 588 теңге 76 443 теңге.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларда төлемнің орташа мөлшері шамамен 30 мың теңгеге жоғары.
3.Ана мен баланы әлеуметтік қолдау
Балалы отбасыларға ағымдағы жылы бюджеттен және МӘСҚ-дан төленетін төлемдерге 795 млрд. теңге көзделетін болады (нақтылауды ескере отырып), оның ішінде:
1) барлық ата-аналар үшін бала тууы бойынша төлемдерге 59 млрд. теңге:
Жәрдемақы мөлшері:
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
1,2,3 балаға 116 394 теңге 120 840 теңге
4 және одан көп балаға 192 969 теңге200 340 теңге
2) бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдерге 228 млрд. теңге, оның ішінде:
— 30 мың жұмыс істемейтін әйел үшін бюджеттен 22 млрд. теңге
— 385 мың жұмыс істейтін әйел үшін МӘСҚ-дан 206 млрд.теңге.
Айына бюджеттен берілетін жәрдемақының орташа мөлшері:
1 сәуіре дейін 1 сәуірден кейін
1 балаға 17 643 теңгеден 18 317 теңгеге дейін 4 және одан көп балаға 27 261 теңге 28 302 теңге
МӘСҚ-тан төленетін төлемнің орташа мөлшері айына 43 901 теңгені құрайды. Жұмыс істейтін әйелдердің төлем мөлшері айына шамамен 18 мың теңгеден асады.
3) бюджеттен көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға 338 млрд. теңге, олардың мөлшері балалардың санына қарай сараланған және:
1 сәуірге дейін 1 сәуірден кейін
4 балаға 49 100 теңге 50 976 теңге
15 балаға 183 780 теңге 190 800 теңге
Көрсетілген жоғары мөлшердегі төлемдер сәуір және мамыр айларына қосымша ақыны ескере отырып, маусым айында төленетін болады.
4) бұдан басқа, жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша ТҚҚ-дан төлеуге 171 млрд.теңге көзделген.
Төлемнің орташа мөлшері бір уақытта 762 071 теңгені құрайды.
4. Жұмыспен қамту
Жастарға баса назар аудара отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларына бюджеттен 69 млрд. теңге көзделеді, оның ішінде:
1) 22 мың адамды қамти отырып,»жастар практикасына»
16 млрд. теңге
қатысу мерзімі ұлғайтылды субсидия мөлшері ұлғайтылды 6 айдан 12 айға дейін 76 575 теңгеден 95 400 теңгеге дейін
2) алғаш рет республикалық бюджет есебінен жастар үшін 3 мың адамды қамтитын «бірінші жұмыс орны» жобасы іске асырылатын болады, оған 3 млрд. теңге көзделген
қатысу мерзімі субсидия мөлшері
30 айға дейін, оның ішінде 95 400 теңге
мемлекеттентөленетіні 18 айға дейін
3) 5 мың адамды қамти отырып, зейнетақы алдындағы жастағы адамдар үшін алғаш рет «күміс жас» жобасы іске асырылады, қаржыландыру көлемі
6 млрд. теңге
қатысу мерзімі субсидия мөлшері
зейнеткерлікке шыққанға дейін,
оның ішінде 95 400 теңге
мемлекеттен ақылы 12 айға дейін
4) 52 мың адамды қамти отырып,» қоғамдық жұмыстарға » 33 млрд. теңге
қатысу мерзімі субсидия мөлшері
12 айға дейін 63 600 теңгеден кем емес
5) 20 мың адамды қамти отырып, халықтың әлеуметтік осал санаттары мен 29 жасқа дейінгі жастар үшін гранттар беруге 11 млрд.теңге.
Грант көлемі 613 мыңнан 1 272 мың теңгеге дейін (200 АЕК-тен 400 АЕК-ке дейін) ұлғайтылды.