Бір жетіден бері әлеуметтік желі қолданушылары арасында Шымкентте экс судьяның өзіне арнап салған моласы жайлы бейресми бейнежазба қызу талқыға түсіп жатыр. Көпшілік бұл нысанның елге танымал байырғы судья Бекет Тұрғараевқа тиесілі екенін де айтып жүр. Осы ақпараттың анық қанығын білу мақсатында masa24.kz сайтының тілшілері экс судьяның өзінен сұхбат алды.
Осы мәселеге қатысты мән-жайды сұрағандардың қатарында өзге өңірлердің тұрғындары да баршылық. Анық болғандай бұл видеодағы кесене Заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараевтың бастамасымен бой көтерген «Бабалар рухына тағзым» кешені екені мәлім болды. Ол Шымкенттен Сарыағашқа қарай шыққанда Қазығұрт аумағындағы Сарапхана елді мекенінен басталады. Осыған орай біз өзге емес, руханият жанашыры Бекет Тұрғараевтың өз аузынан естігенді жөн санадық.
“Біріншіден ол мавзолей дегеніміз — қазақтарда киелідер кесенесі дейді. Оны неге бұлай атадық? Осы сұраққа алдымен жауап берейін! Елбасының “Рухани жаңғыру” деген бағдарламасы болды. Осы бағдарламаға сәйкес орталық музейден Қазақстанның жалпы ұлттық қасиетті нысандары деген кітабы шыққан. Бұл кітапта қазақстан көмеміндегі ұлылардың жатқан жерлері соларға тұрғызылған кесенелердің суреттері салынып, қазақ және орыс тілінде баяндалған. Сол кітаптан соң көп ойландым. Мысалы, Ватиканға барсаң да, Римге барсаң да, олар осындай қасиетті орындарының төбе жағына өздері сыйынатын кілең Құдайларының суретін іліп қояды. Киелілер кесенесін салдық. Цементтен тұрғыздық, екі күмбезді. Түркістанға, елімізге қатысы бар деген бар деген басты-басты 20 шақты ұлы бабалардың кесенелерін үлкен понарамалық сурет етіп салдық. Сосын қабырғаға ілдік. Барлық картинаны 6 ай салды. Ішінің барлығын әспеттеп шықтық”- дейді Қазақстанның құрметті судьясы.
«Сыртын танып, іс бітпес, сырын көрмей» деген даналыққа сүйеніңізші. Әлеуметтік желіде желдей ескен видео жазбаны бір көрген жан шынымен де, қарахан бас, қалта қамын ғана ойлаған базбіреудің еріккеннен салған ермегі деп ойлауы бек мүмкін. Солай болды да. Бірақ, Бекет ағаны білмейтін жан жоқ десе де болады.
“Жұрт енді күмбез тұрғанға бұл жерді мешіт екен деп ойлайды. Мен оны мешіт емес екенін айтып, киелілер кесенесі екенін айтамын. Киелілердің жатқан жерінде суреттерін салғаннан кейін олардың топырағын әкеліп, рухы болсын, жусаны болсын, қазақта айтады тал бесіктен жер бесікке дейін деп. Тал бесік бала туылғанда жататын бесік, жер бесік – біздің өмірден өткеннен кейін жататын жеріміз. Сол үшін бабалардың жатқан жерінен топырақ алып, капсулаға салып, осында қойдық. Осы тірліктерді жасаған кезде тағы бір нәрсе есіме түсті. Париж қаласында «Мүгдектер» деген музей бар. Ол 1812 жылы бірінші дүниежүзілік соғыста мүгедек болған, басқа болған адамдарға Париж мемлекеті сондай үлкен жатақхана салған. Соның ортасында Церкв болған. Кейін ананы салып болғаннан кейін сол церквны музейге айналдырған. Мен барып соны көрдім. Ол Париждің көрнекті жерінің бірі. Парижге барған, тарихтан тағылым алам деген адам ол жерге соқпай кетпеді. Мен барып соны аралап көрдім. Барсам жер дөңгелектеніп қойған. Содан кейін ортасында тұрған не деп сұрағанымда Наполеонның табыты тұр екен. Содан кейін музей директорынан сұрадым: «Мынау неге дөңгелектенген?» деп сұрағанымда, ол айтты: мұнда ұлы рух жатыр, мейлі ол халықты жаулаушы болсын, француздың ұлы ұлы, сондықтан мына церквны үлкен музейге айналдырдық деп жауап берді. Соған келген адамдар, Мына дөңгелектің үстінен басын иеді, қарайды, бұл рухқа бас ию деген деді. Мынау есте болатын нәрсе екен дедім. Енді мен осы жерді салып жатқан кезде, есіме сол түсті де, мен де солай дөңгелек жасадым”, — дейді Бекет Тұрғараев.
Аумағы ат шаптырым жерді алып жатқан кешен Жалаңтөс баһадүр мен Салқам Жәңгір ханның ат үстіндегі айбарлы көрінісінен басталған. Үш бидің ой үстіндегі отырысы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Бабалар рухына тағзым» кесенесі, «Аналарға тағзым» монументі, этно ауыл саябаққа ұласып, жанынан «Бекет ата киелілер кесенесімен» толыққан.
“Жолдың жанында болғаннан кейін, туристер де кіріп шығуына жақсы. Самарханд-Түркістан деген туризм маршруты ашылды ғой, сол үшін де мына жерге соқпай кетпейді деп. Ол туристер бүткіл Қазақстанды айналып шығуы мүмкін. Бірақ, киелілер кесенесінен бүткіл тарихты біліп алуға болады. Аудиогид жұмыс істеп тұр, үш тілде ақпарат береді. Келген турист тіл білмесе аудиомен ақпарат ала алады. Осылайша, туризмге ыңғайлап жасап шықтық. Туристен бөлек, ауылдағы мектептің оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері бәрі барып көріп, тарихтан, әдениеттен мол ақпарат ала алады. Ұлылардың рухы тұрған кесене деп айтамыз. Кесене салынып біткен кезде 2010 жылы зейнеттік демалысқа шыққанымда Маңғыстауға барып, бекет атаның 260 жылдығына қатыстым. Сонда барғанымызда бізге сөз берді. Біз құр қол барғанбыз. Оңбаев Әбдірахман дейтін академик екеуміз. Басқалары машина беріп жатыр, біреуі дүние беріп жатыр. Бізде олардың бірі де жоқ. Жай шақырылғаннан кейін бара салғанбыз. Мен қысылдым, маған сөз берген кезде. Не ітесем екен деп? Бірақ, Алла жар болған болу керек. Сөз сөйлеуге шақырған кезде ойыма түрлі нәрселер түсті”,- дейді заң ғылымдарының докторы.
«Кесенеге менің есімім берілді деген қате түсінік. Сол үшін онда «Киелілер кесенесі» Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына орай орнатылып, Бекет ата есімімен аталды» деп жазып қойдық. Қорқыт ата Қызылордада, Баян Сұлу Семейде, Айши бибі Жамбылда жерленген. Сол киелі жерлерден ұлы адамдардың топырақтарын әкеліп, осы кесенеге жинақтадық. Әулилелер туралы келушілерге ақпарат беру үшін үш тілді аудиогид қызметі қосылған. Бұл кесене менің әйеліме не өзіме арнайы салынған орын емес»,—деді облыстық соттың экс-төрағасы. Бекет Тұрғараевтың айтуынша, кесене ішіне әйелі Ұлды Хамитқызының ғана емес, әке-шешесіне де ескерткіш бюст қойылған.
“Мына жерде мынадай түсінік бере кету керек. Менің атым – Бекет қой. Жұрттың көбісі шатысатын жері Бекет өзіне мавзолей салып қойыпты деп ойлайды. Оған да мен түсінік бердім. Жаңағы жасаған дүниелерге түсінік бердім. Менің атым Бекет болса, бабаларымыз ат қойғанда жақсылыққа жорып қояды ғой. Нұрсұлтан, Қасымжомарт дейміз немесе әулиелердің атын қоямыз. Сол сияқты 47 жылы менің әкемнің інісі 3 топтағы мүгедек болатын. Мен туылған кезде маған – «Бекет» деген ат қойып, өзінің баласының атын «Едіге» деп қойыпты. Сонымен мен Бекет атанып кеттім. Бекеттің қайда екенін де білмей өстік біз. Кейін өсе келе білдік қой. Жұрт түсінсін деген мақсатта, түсініктеме жазып, іліп қойдым. Туристер кірген кезде қайғылы музыка ойнайды. Ол ата-баба аруағына бас иіп, соларды аңсап барып, сларды қалай шығарып салдық, содан адам рухани әсер алсын деген мақсатта жасалды. Бір жағынан соны құрметтесе, екінші жағынан санасына музыка арқылы да, музыка арқылы болса да әсер болсын деген мақсатта жасалды. Бұл біріншіден, ел халқына жасалған Рухани жаңғыруды іс жүзінде асырудың нақтылай көрінісі. Екінші туризмді дамытуға арналған дүние. Ол жер қазіргі таңда туристік маршрутқа қосылды. Үшіншіден, ұлы бала «Бекет» атаның аты берілді. Халық ризашылығын білдіріп жатыр. Қазақ бөлінбей тұрмайды ғой. Маңғыстаулықтар адай атаның балалары ғой, мына кісінің де түбі, шыққан тегі – адай. Мына жердің ашылғанын естігеннен кейін, Жетісай, Шардара, оңтүстік өңірдегі адай ағайындар жаңағы алыстағы ағайындар, Ақтөбесі бар, ағайындар бір-бірімен хабарасып, біздің бабамызды ұлықтап кесене салып, атын беріпті деп 300 – ге жуық адам келді. Соған зиярат жасап, оның Бекет атаның басында отырғанын Тұрғанбай дейтін ақсақал өзі келді. Бекет атаның әке – шешесі жатқан Ақмешіт деген жер бар, соны ұстап отырған Ислам қажы өзі келді. Бекет ата кітабының авторы. Солармен қоса келген адамның саны 300-ге жетті. Келген соң дұғасын оқып, келгендегі мақсаттарын айтты, маған рахметін айтып жатыр, содан кейін, осылай келген кезде мәңгілік есте қалу үшін мәңгілік көк ағаштар тұр, адай ата ұрпақтарының «Бекет» ата кесенесіне келгендегі отырғызған ағашы деген табличка орнатып кетті. Сосын бұл жерге ата-анама арнап, бюст орнаттым. Олардың 10 баланы дүниеге алып келді. Мен бесіншісімін. Әкем соғысқа қатысқан жас. Олардың бізге жасаған жақсылықтарын ұмытпай мақсатында оларға бюст қоямын деп шештім. Оның үстіне, бұл жерді ашқан мен, кімді қоямын өзім білемін” дейді Бекет Тұрғараев.
Онда да олардың жатқан жерінен топырағын алып, капсулаға салып, жәшікке қойдық. Осының бәрін өзім ұйымдастырып, жобасын астанада жасатқанмын. Жергілікті әкімдіктен рұқсаты алып, жері сатып алынған. Бар мақсатымыз – туризмді дамытып, еліміздің жан-жағында орналасқан қасиетті нысандарды бір жерден тауып, тарихты білуіне жағдай жасау. Міне, осының бәрі дайын болған соң соның ішіне әкемнің, шешемнің бюстін қойғанмын.
КСМ: Алайда бәзбіреулер әке-шешем ескерткіші туралы айтпай, тек әйелімдікін көрсетіпті деген уәжін жасырмады, ел жанашыры. Жақсының атын ұлықтап, еліне еңбегі сіңген азаматтарды дәріптеуді жаны сүйетін жайсаң ер елімізде талай тұлғаның ескерткішін салып берді. Тіпті Бекеңнің демеушілігімен еңсе тіктеген ескерткіштерді саусақпен санап жеткізу мүмкін емес.
“Түрлі телеарнадарда әртүрлі әңгімелер тарап жатыр ғой. Әйелінің бюстін қойған деген сыңайлы. Өзі судья болған деген сияқты әңгімелермен. Дүниені қайдан алған. Неге тұрғызғанымның себебін айттым ғой. Киелілер кесенесіне өзімнің жүрегімдегі адамдарды қойдым. Әйелімді неге қоймаймын. Онымен 50 жыл біге тұрамын. Менің осы жасап жатқан ізгілікті ісімнің бәріне қолдау көрсететін адам. Егер ол тойхана сал, немесе Дубайға барайық деген болса, етегімнен тартқан болса, бұл кесене бой көтермес еді. Әйелім мені ылғи қолдайды. Санасында сәулесі бар адам. Тарихтан хабары бар. Әдебиеттен мен арқылы алған хабары бар. Сондықтан, мен әйеліме деген мөлдір махабббатымның белгісі болсын деп, оған да бюст қойып қойдым. Осы кесенені салуға қол ұшын берген ардақты Төкен ағамның әйелі екеуі де қажылыққа барған. Былтыр екеуі де 80 жылдығын өткізді. Соны мен өткізіп бердім. Басынан аяғына дейін жүріп, Астанада, Атырауда өткізіп, соның мағыналы болып өтуіне рухани жағынан үлкен қолдау көрсетіп, өтуіне көмектестім. Сол кезде екеуі де сексенге толған абыздар болатын. Екеуі де қажылыққа барған. Содан кейін олардың да бюсттерін жасатып қойдым. Алла жазса, уақытысы келеді сол кезде кесенеге қойылады”,- дейді ол.
Экс-судья зейнетке осыдан 12 жыл бұрын шыққан. Қазір бүкіл уақытын руханиятты жаңғыртуға арнап жүр.
Кесене бір ғана өз қалтамның ақшасына тұрғызылған жоқ. Інілерімнің көмегі бар. Олардың шаруашылықтары бар, су шығарады, мал ұстайды. Тапқан-таянғанды игі іске жұмсаймыз. «Судья қатынына анандай ескерткіш қойыпты» дегені пара жеді деп меңзегені ғой. Зейнеткерлікке шыққанда 2 жылдық ақшаны беретіні бар. Сол 50 мың долларды жаратып, 2010 жылы Бекет атаның 260 жылдығына Шымкентте үлкен халықаралық конференция өткіздім. Сол кезде Қойшығара Талғарин, марқұм Әзілхан Нұршайықов бастаған бір топ зиялылар қатысқан. Ел-жұрт менің не істеп жүргенімді біледі
Ал, Бекет Мырзағұлұлының өңірге қатысы бар ма? Ол бізге не үшін керек? Деген сауал бар санада. Қожа Ахмет Ясауи – суфизмнің атасы. Ал Бекет ата Мырзағұлұлы – Ясауи ілімін дамытқан шәкірті. Қоғам қайраткері Бекет бабаның жүріп өткен жолын тәп-тіштеп жеткізді.
2010 жылы 210 жылдығына қарсы кесенесін қойып, Хиуадағы ұстаздарын шақырып, халықаралық конференция өткіздім. 2017 жылы пандемия болып, аталмай қалды. Бекет атаның 270 жылдығына орай Қырымбек Көшербаевтың бір мақаласы жарияланды. Басқа ештеңе өткен жоқ. Сол кезде өзім киелілер кесенесін салып жатыр едім, оған Бекет атаның атын бердім.Кеше Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Шымкент қаласынан 300-ге жуық адам, оның ішінде адай ағайындар келіп, тәу етіп, ас беріп, зиярат жасап кетті. Міне, бізге Бекет ата не үшін керек?!
Тұрғараев – өзінің ұзақ жылдардағы сот билігінде жүргізген қызметінде сот жұмысын орналастырудағы ерен еңбегі үшін «Үш би» белгісін кеудесіне таққан биік тұлға. Сот саласының білімді қайраткері тек өз қызметімен шектеліп қалмай, мұқтаж жандарға ұдайы көмектесуден тартынбады, қамқорлық жасай білді. Жастарды жұмысқа орналастыруға көмектесті. Қазір оның тәрбиесін көрген жастар көп. Шығармашылықпен шұғылданатын талантты адамдардың мұңы мен мұқтажына көз салды. Енді Есенбек батырға арнап ескерткіш орнатпақшы.
Туған жерге туыңды тік демей ме, атам қазақ. Өзі туған Қазығұрт бауырына «Бабалар рухына тағзым» етіп, кешен салғызғанда тұрған ештеңе жоқ. Керісінше, бұл — қызыға қарауға тұрарлық іс. Өзінің саналы өмірін еліне арнаған Бекеттің XVІІ ғасырда Сайрамды қорғаған батырларға арнап жасатқан ескерткіші Шымкент қаласының стадионынан орын алды. Бұлардың бәрі Тұрғараевтың өз халқының жаны ашыр бауыры бола білгендігінің, ел мұрасын, рухани тіршілігін байытуға деген жан талабының көрінісі.
Ол сөз құдіретін, заң құдіретін сыйлайды. Билер сотының сабақтарын пайдалануды көздейді, сот билігінің тәуелсіздігін қолдайды. Өзінің қызметі де әділ шешім мен келісімге тіреледі.Ел бұл кісіні қадір тұтады. «Руха¬ниятқа жанашыр азамат» дейді. Бұл оның судьялық демократизміне қарата айтылған болса керек. Бекет ағаның судьялық қызметі де, руханият саласындағы атқарғандары да алты Алашқа мәлім. Халық ішінде заң жүйесін, тәртіп пен қоғамдық өмірдің сырын көп білетін Бекет – елге өзін өзі ұстау мәдениетін егушілердің бірі.
Құрметті судья, қоғам қайраткерінің әлі де бітірер шаруасы, тыңдырар істері шаш етектен. Кітап жазып жатыр. Жақында жарыққа шықпақшы. Жеткен жетістіктерін елі мен халқының қажетіне жарату жолында барын салып жүрген Бекең бұйыртса, әлі талай бекіністерді бағындырады. Әлі талай бекет салады. Кім не десе де, бұл – Бекеттің өз қаржысына салынған биік бекеті, берік қамалы!
Сұхбаттасқан Гүлсанат Қалмырзақызы