Бүгін 14.04.22 ж Түркістан облыс әкімдігінде облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Б.Тәжібаевтың төрағалығымен
Мен, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісінің орынбасары және білім мен ғылымды датыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде аталған фракция отырысына онлайн режимде қатыстым.
Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев және облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов қатысты. Фракция отырысына 17 аудан, қалалық партия филиалдарының төрағалары, фракция мүшелері, барлық деңгейдегі депутаттар, облыстық жауапты басқарма басшылары онлайн және офлайн форматта қосылды.
Жол картасының 2021 жылы орындалуы және 2022 жылға жоспарланған жұмыстар туралы облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, Сайлауалды бағдарламалардың орындалуы бойынша Түркістан облысы Республика көлемінде 4-ші орында екенін хабарлап, өз баяндамасында депутаттық рейтинг жүйесі жайлы атап өтті.
Сонымен қатар ережеге сәйкес депутаттардың рейтингтегі төмен көрсеткіштері олардың мандатын кері қайтаруға және партияның кадрлық резервін ротациялауға негіз болатынын ескертіп, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін айтты.
Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі мектептердегі инклюзивті сыныптардың жай-күйі және методикалық қаржыландырылуы туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова баяндама жасады. Биыл инклюзияны қолдау кабинеттерінің арнайы педагогтарын әдістемелік сүйемелдеу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған. 2021-2022 оқу жылында 17 аудан, қалада 1 мектептен инклюзивті білім беруді қолдау үшін ресурстық мектептер бекітілгенін хабарлады.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов сөз сөйлеп, биылғы жылы облыс бойынша 1565 іс-шараны орындау міндеті тұр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 81 іс-шараның орындалмай қалу қаупі анықталып отыр. Осы орайда, былтырғы жылы Жол карта бойынша жұмыс істеген тәжірибемізді қолдана отырып жұмысты күшейтуіміз керек, — деді А.Сәбитов. Фракция мәжілісінде қаралған мәселелер назарға алынып, қаулы қабылданды.