Қазақстандықтар аталған дүкенді соғысты насихаттады деп айыптап, жұмысына бойкот жариялауды ұсынуда.
«Бұл Алматыдағы «Меломан» дүкені, Гоголь көшесінің бойында орналасқан бөлімшесі дейді. Көріп тұрғандарыңыздай «Z» белгісін бадырайтып, ерекше етіп жазыпты. Бұл белгіні өздері қалай түсіндірер екен?!» — дейді желі қолданушыларының бірі Асхат Қасенғали.
Тарихшы Айнаш Керней бұл соғысты насихаттау екенін айтып, дүкен жұмысына бойкот жариялау қажет екенін айтады.
«Соғысқа үгіттеуге жол жоқ! Балалар (!) тауарлар дүкені Marwin (Meloman) соғысты насихаттап отыр. Қазақстанда соғысты насихаттауға тыйым салынғанын ешкім ұмытпауы керек», — дейді белгілі блогер-тарихшы Айнаш Керней.
Өз сөздерінің дәлелі үшін олар киімдеріндегі «Ревизор» сөзіндегі «З» әрпін «Z» белгісімен ауыстырылған дүкен қызметкерлерінің фотосуреттерін қоса жариялаған.
Айта кетейік, Украинаға басып кірген орыс әскерлері өз әскери техникаларында «Z» және «V» таңбаларын пайдаланады.