masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Ағаш отырғызу – cауапты іс

12 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Экология, Қоғам
0
Ағаш отырғызу – cауапты іс
0
SHARES
63
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан қаласын көркейту-көгалдандыруға үлес қосқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қала орталығында ағаш отырғызды. Бүгінде қаланың орталық көшелерінде магнолия, декоративті алма ағаштары, мен кеңтамыр гүл жарды.

«Түркістанды бақпен көмкерілген шаһарға айналдыру үшін жасыл желек қорын ұлғайтуға міндеттіміз. Қаладағы жаңа нысандарды салушылар инфрақұрылымды жобаларға ғана емес, сонымен қатар ағаш отырғызуға да белсене қатысуда, ал бұл өте маңызды. Біздің әсем қаламыз бұрынғыдан да сұлу әрі жасыл желекке бөленуі үшін қалалықтарды осы бастаманы қолдауға шақырамын», — деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Жаяу жүргіншілер үшін сябақтар саны күн санап артып келеді. Қала аумағында 225 гектарда 30 саябақ, 14 гектарда 15 гүлзар мен аллеялар, 130 гектарға жуық аумақта 9 алаң бар. Түркістан қаласын абаттандыру мақсатында «Желілік саябақ», «Төле би» саябағы, «Шатқал» саябағы, «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағын көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 1- мөлтек аудандағы 36,3 га құрайтын көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Облыс орталығына айналған Түркістан қаласына ағын су тапшылығын шешу үшін өңір басшысының бастауымен 250 млн. текше метр ағын су жеткізудің жолы табылғаны белгілі. «Түркістан магистралды каналы» күрделі жөндеуден өткізіліп, аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады.
Бұрын ағын су 43%-ға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні 52 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізілді. Былтыр жаңадан салынған «Кеңсай — Қосқорған — 2» су қоймасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 млн. текше метр ағын су жеткізіледі. «Арыс-Түркістан» магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» арқылы 52,8 млн. текше метр ағын су жеткізіледі. Жаңадан «Сарқырама» су қоймасын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су келеді. Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасы арқылы 40 млн. текше метр ағын су жеткізіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Сайрам тұрғын алабында электр желілері жаңартылады

Next Post

«MIRAS» Республикалық қоғамдық кеңесі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде