masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Қазақстанда 18 колледж неге жабылды

6 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Білім
0
Қазақстанда 18 колледж неге жабылды
0
SHARES
122
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Елімізде соңғы жылдары 18 колледж жабылды. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова мәлім етті.

«Соңғы жылдары еліміз бойынша 18 колледж жабылды. Олардың жабылу себебі лицензиямен байланысты емес, колледждерді оңтайландыру мақсатында осындай шара қолданылды. Яғни кейбір колледждердің қызметін қайта қарау керек болды. Негізінен бұл шара жеке колледждерге қатысты болды», — деді Насымжан Оспанова ОКҚ-де өткен брифингіде.

Департамент басшысының мәлімдеуінше, колледждерде білім беру сапасын арттыру мақсатында бірқатар шара іске асырылды.

«Алдымен білім бағдарламасын әзірлеуде колледждерге академиялық еркіндік берілді. Білім бағдарламасын заман мен нарықтың сұранысына сай етіп дайындау керек. Әрине, білім беру туралы заңның шеңберінде әзірленеді. Ендігі уақытта оқу орны жұмыс берушімен, білім беру бағдарламасын нақты мамандық пен қажетті білім-білікті негізге ала отырып бірлесіп әзірлейді. Содан соң аталған білім беру бағдарламасы сараптамадан өтіп, кейін бағдарламалар реестріне тіркеледі», — дейді ол.

Оның айтуынша, аталған жаңашылдықты іске асыру басталып кетті, оның алғашқы нәтижесі биыл қыркүйекте дайын болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай елімізде техникалық және кәсіптік білім беру бағытында колледжге түскісі келетін талапкерлерге бірнеше мамандықты таңдау мүмкіндігі беріледі.

Сондай-ақ Президент тапсырмасын орындау мақсатында отандық 282 колледж ірі бизнестің қамқорлығына беріледі.

Previous Post

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Next Post

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде