4 пайыздық автонесиеге 15 миллион теңгенің көлігін алуға болады. Осылай деген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автокредиттің шекті сомасы 10 миллион болса да, одан қымбат көлік алуға болатынын жеткізді.
Алайда 10 миллионнан қалған бөлігін өзіңіз қолма-қол төлейсіз деді. Ал вице-министр Марат Қарабаевтың айтуынша, несиені рәсімдегеннен кейін қажетті көлік болмай қалса, күтуге тура келеді.