masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы бастама көтерілді

5 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Жаңалықтар, Қоғам
0
Әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы бастама көтерілді
0
SHARES
122
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Біз негізгі әлеуметтік кепілдік ретінде Конституцияда азаматтардың зейнетке шығу жасын белгілеуді және бұл мәселеде алдағы бірнеше жылға нүкте қоюды ұсынамыз, — дейді Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.

Қазақстан Халық партиясы еліміздің Конституциясына 5 түзету енгізу туралы бастама көтерді. Аталған түзетулерді бүгін Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жария етті деп хабарлады inform.kz.

«Біріншіден, жер, оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі. Біз әрбір қазақстандықтың жер мен пайдалы қазбаларды иеленудің, одан табыс алудың конституциялық құқығы үшін жердің, жер қойнауы мен байлығының халықтық меншігін бекітуді ұсынамыз. Екіншіден, мемлекет ерлер үшін 63 жастан, әйелдер үшін 58 жастан бастап зейнетке шығуға кепілдік береді. Біз негізгі әлеуметтік кепілдік ретінде Конституцияда азаматтардың зейнетке шығу жасын белгілеуді және бұл мәселеде алдағы бірнеше жылға нүкте қоюды ұсынамыз. Бұл ретте әйелдер үшін зейнет жасын арттыру шешімін түзетіп, оны 58 жасқа дейін төмендету қажет деп санаймыз», – деді партия төрағасы.

Оның айтуынша, үшінші түзету– мемлекет жыл сайын зейнетақыны, шәкіртақыны және әлеуметтік жәрдемақыны өткен жылғы инфляциядан жоғары деңгейге индекстеуге міндеттенеді.

Осы ретте Халық партиясы зейнетақыны, шәкіртақыны және бюджеттен төленетін барлық әлеуметтік төлемдерді жыл сайын міндетті түрде инфляция деңгейіне индекстеу туралы түзетуді ілгерілетеді. Бұл шығыстар басым сипатқа ие болуы керек және Үкіметтің шешімдеріне тәуелді болмауға тиіс.

Төртінші, мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобаларын енгізу кезінде Үкіметтің оң қорытындысының болуы туралы норма алынып тасталуы қажет.

«Бесінші – атқарушы биліктің Парламентке есептілігін бекіту. Атқарушы билікке парламенттік бақылауды күшейту қажет. Министрлер депутаттарға үнемі есеп беруі керек. Есеп бекітілмеген және сенімсіздік білдірілген жағдайда министрлер отставкаға кетуге тиіс», – деді Ермұхамет Ертісбаев.

Previous Post

Түркістан облысында Instagram-да алаяқтық жасаған екі жігіт ұсталды

Next Post

Түркістан облысында фермерлер тыңайтқыш пен отын қымбаттағанына шағымданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде