masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Түркістан облысында Instagram-да алаяқтық жасаған екі жігіт ұсталды

Тергеу күдіктілердің осындай төрт алаяқтық іске қатысы барын анықтады. Түркістан облысында Instagram-да алаяқтық жасаған екі жігіт ұсталды.

5 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Қылмыс
0
Түркістан облысында Instagram-да алаяқтық жасаған екі жігіт ұсталды
0
SHARES
135
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Сайрам АПБ қызметкерлері бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен екі жас жігітті ұстады. Олар Келес ауданының тұрғындары болып шықты. Яғни, алаяқ екеу Instagram әлеуметтік желісінде ақшаңызды еселеп көбейтіп беремін деген қызмет ұсынып, бірнеше жалған парақшалар ашқан. Осылайша алаяқтардың сеніміне кіріп, сенгіш халықтан ақша алады.

Интернет-алаяқтардың айласына алданып, құрығына түскен жәбірленушілердің бірі Сайрам ауданының тұрғыны. Аталмыш ер адам полицияға өткен жылдың желтоқсан айында арызданып, Instagram желісінде белгісіз біреулер кірісіңізді көбейтіп береміз деп көмек ұсынғанын көрсеткен. Алаяқтарға сенген Манкент ауылының тұрғыны оңай жолмен табыс табуға үміттеніп, бірнеше рет аталған шотқа ақша аударған. Алайда соңында дымсыз қалған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 170 мың теңгеден асты.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу күдіктілердің осындай төрт алаяқтық жайтына қатысы бар екенін анықтады. Бүгінгі таңда барлық деректер мен жас жігіттердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Previous Post

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Димаш Құдайбергеннің әнімен өнер көрсетті

Next Post

Әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы бастама көтерілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде