masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте 800-ден астам қандас-отбасы жалға алған баспаналарын рәсімдеулері тиіс

4 апреля, 2022
in Қоғам
0
Шымкентте 800-ден астам қандас-отбасы жалға алған баспаналарын рәсімдеулері тиіс
0
SHARES
124
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкентте 2010-2012 жылдар аралығында «Нұрлы көш» бағдарламасымен Өзбекстан елінен ата жұртқа қоныс тепкен 975 қандас-отбасы сатып алу құқығымен 8 жылға жалдамалы баспанамен қамтылған болатын. Асар шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлерді бағдарлама шарты бойынша азаматтардың сатып алу немесе банк арқылы несиелік негізде рәсімдеу уақыты келді. Қазіргі таңда 150 азамат шарт талаптарын орындап үлгерген.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков бүгін халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсаты көзделген осы және өзге де өзекті мәселелер бойынша қалалық тұрғын үй басқармасының, «Отбасы банк» АҚ мен «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігінің басшыларымен кездесті. Басқосуда тараптар тұрғындардың баспанаға қол жеткізуі үшін тиімді жолдарын қарастырды. Қала басшысының орынбасары бұл орайда тұрғындардың жағдайын барынша ескеріп, тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар, биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының 5-20-25 және 7-20-25 жеңілдетілген несиелік бағыттары арқылы 2 096 азаматты тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Кездесу барысында жұмыс істеп жүрген жастарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжаймен қамтамасыз ету мақсатында биыл 857 пәтер берілетіндігі де айтылды. Бұл бойынша азаматтардан өтінімдер қабылдау басталатыны туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және жергілікті арналар мен басылымдарда алдағы уақыттарда алдын ала жарияланады.

Previous Post

Диетолог оразада қандай тамақтан бас тарту керегін айтты

Next Post

Түркістан облысының диқандары еккен өнімдерін алыс жаққа саудалап, әлекке түспейтін болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде