masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Түркістанда стоматологиялық орталық пен аурухана ашылды

31 марта, 2022
in MASA24.KZ, Денсаулық, Жаңалықтар
0
Түркістанда стоматологиялық орталық пен аурухана ашылды
0
SHARES
33
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістан облысында медициналық нысандардың саны артып келеді. Бүгін солардың екеуінің ашылуы өтті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев алдымен жаңадан іске қосылған «DOCTOR D» стоматологиялық орталығында болды.
Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты стоматологиялық орталық заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда заманауи жабдықтар, 3 D – тістердің компьютерлік томографиясы, хирургиялық, терапиялық, ортопедиялық кабинеттер және балалар стоматологиясы жұмыс істейді. Білікті дәрігерлер қызмет атқарады. Мамандар шетелдің озық үлгідегі клиникаларында оқып, тағылымдамадан өткен.
– Жаңа медициналық мекемелер қала тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсетіп, елдің денсаулығын нығайтуға үлес қосады деп сенемін. Түркістанда медициналық хаб қалыптасып келеді. Жедел жәрдем станциясы салынды, сонымен бірге халықаралық деңгейдегі 570 орындық көпсалалы аурухана, «Ана мен бала» орталығы да іске қосылады. Бұның бәрі еліміздің бұдан әрі көркейіп, кемелдене беруіне өз үлестерін қоса береді деп сенемін, – деген Өмірзақ Шөкеев дәрігерлермен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады.
Облыс әкімі Түркістан қаласында бой көтерген 200 төсек-орындық қалалық орталық ауруханасында болды. Жаңа медициналық мекеме 1 жылда салынып, іске қосылған. Бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы 8200 шаршы метрді құрайды. Жоба республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылып, іске асырылды. Тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Аурухана 9 блоктан тұрады (қабылдау бөлімі, жан сақтау, оттегі стациясы, әкімшілік, асхана, медициналық қалдықтарды залалсыздандыру, қазандық т.б). 100% оттегімен, компьютерлік томография және рентген жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи техникамен жабдықталған.
Жаңа нысандардың ашылуымен құттықтаған облыс әкімі өңірде медицина саласын дамыту бағытында жұмыстар жалағаса беретінін айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Қазақстандықтар ақпанда қанша доллар сатып алды?

Next Post

Биыл электрмен қамту көрсеткіші 99% жетеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде