masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Қазақстандықтар ақпанда қанша доллар сатып алды?

31 марта, 2022
in MASA24.KZ, Экономика
0
Қазақстандықтар ақпанда қанша доллар сатып алды?
0
SHARES
24
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ұлттық банк мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 426,1 — 495,0 теңге аралығында өзгерді. 2022 жылғы ақпанның аяғында теңге бағамы 14,2 пайызға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 495 теңге болды. Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,9 миллиард доллар болды, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі — 2,7 миллиард доллар, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі — 10,2 миллиард доллар.

«Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 58,5 пайыз немесе 6,0 миллиард доллар болды (2022 жылғы қаңтарда — 65,8 пайыз немесе 4,9 миллиард доллар), бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты», — делінген хабарламада.

2022 жылғы ақпанда халық нетто-негізде 292,5 миллиард теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алған. Ұлттық банк мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда бұл шығыстар 3,4 пайызға өскен (2022 жылғы қаңтарда — 282,8 миллиард теңге), 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (184,9 миллиард теңге) нетто-сатып алу көлемі 1,6 есе ұлғайды.

«Шығыстардың негізгі көлемі 197,7 миллиард теңге немесе 67,6 пайыз — АҚШ долларын, 75,4 миллиард теңге немесе 25,8 пайыз — Ресей рублін, 19,1 миллиард теңге немесе 6,5 пайыз еуроны сатып алуға бағытталды. Валюта түрлері бойынша бөлгенде бір айда доллар сатып алуға арналған шығыстар 10,5 пайызға өсті (өсу 1,7 есе), Ресей рублін сатып алуға арналған шығыстар 6,8 пайызға төмендеді (өсу 1,6 есе) және еуроны сатып алуға арналған шығыстар 15,5 пайызға төмендеді (төмендеу 10,7 пайыз)», — делінген хабарламада.

Previous Post

Түркістанда үш ғасырлық қазан музейге тапсырылды

Next Post

Түркістанда стоматологиялық орталық пен аурухана ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде