masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

6 мыңнан астам ресейлік Қазақстанға жұмыс істеуге келген

30 марта, 2022
in Қоғам
0
6 мыңнан астам ресейлік Қазақстанға жұмыс істеуге келген
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жыл басынан бері Қазақстанға жұмыс істеу үшін 6,3 мыңнан астам ресейлік келген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді.

«Біздің министрлік Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, күн сайын соның ішінде ҰҚК Шекара қызметі арқылы Қазақстанға келгендерді және кететіндерді әр ел бойынша, әр бағыт бойынша қадағалайды. Егер Ресей бойынша нақты айтатын болсақ, онда 30 наурыз күнгі таңертеңгі жағдай бойынша Қазақстанда 101 мыңнан астам ресейлік бар. Оның ішінде 6350 адам жыл басынан бері жұмыс істеу үшін келген», — деді Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілердің сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, бұл сандар ресейліктердің Қазақстанға ағылып келіп жатқанын білдірмейді. Мәселен, өткен жылы Қазақстанға келген РФ азаматтары 18,8 мың адам болған.

«Қорқыныш көп, біздегі жұмыс орындарын шетелдіктердің иемденетіні туралы көп айтылады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, оның жағымды жақтары да бар. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен елімізге жоғары білікті мамандар, ауқымды IT-компаниялар келіп жатыр. Мәселен, inDriver Қазақстанға келді, кеңсесін ашады. Бұл білімнің, біліктіліктің импорты. Одан неге қорқамыз? Қазақстандықтар үшін семинарлар аясында ауқымды қаражатқа коучтер шақырылады. Қазір мұндай ірі компаниялар бізге келіп, қазақстандықтарды жұмыс істеуге үйретсе немесе осы жерде кәсіпорындар ашса, бұл қосымша жұмыс орындары және бюджетке төленетін қосымша салық болады», — деді Е. Біржанов.

 

Previous Post

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін мобильді қосымша жасалады

Next Post

Шымкенттегі шаруалардың салық төлеу бойынша проблемалары бар- депутат

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде