masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін мобильді қосымша жасалады

30 марта, 2022
in Экономика
0
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін мобильді қосымша жасалады
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған «Платформалық жұмыспен қамту» жүйесі енгізіледі.

«Қызмет көрсету саласында 900 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Олардың бір бөлігі заңнан тыс, яғни бірреттік қызмет көрсетеді және көп бөлігі тапсырыс берушілер тарапынан қорғалмаған. Осыған байланысты біз «Платформалық жұмыспен қамту» бағдарламалық өнімін жасадық. Ол қазір тестілеуден өтіп жатыр (…) тазалау, үйді күзету, азық-түлік жеткізу қызметтерін көрсететін тұрғындар осы қосымшада тіркеліп, тапсырыс қабылдай алады. Оған қоса, онда тараптардың құқықтары мен міндеттері, орындаушының еңбек құқықтарын қорғау қарастырылған», — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, бұл көлеңкеде қалған адамдардың бір бөлігін кәсіпкерлік ортаға шығаруға және неғұрлым жоғары деңгейіне одан әрі көтеруге мүмкіндік береді. Қосымша арқылы олар оңай тіркеліп, салық төлей алады. Жалпы Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2025 жылға дейін екі миллионнан астам, оның ішінде 600 мыңнан астам тұрақты және 1,4 миллионнан астам уақытша жұмыс орындары құрылады. Барлық жаңа жұмыс орындары «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесінде көрініс табады. Елімізде екі айдың қорытындысы бойынша 65 мыңға жуық жұмыс орны ашылған, оның ішінде 16 мыңнан астамы – тұрақты жұмыс орындары.

 

Previous Post

Еліміздегі қант зауыттары жаңғыртылмақ

Next Post

6 мыңнан астам ресейлік Қазақстанға жұмыс істеуге келген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде