masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркі әлеміне танымал әншілер түркістан өңірінің туризмін насихаттады

29 марта, 2022
in Мәдениет, Туризм
0
Түркі әлеміне танымал әншілер түркістан өңірінің туризмін насихаттады
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістанда «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық туризм додасы реалити-шоуының телевизиялық нұсқасы жүзеге асты. Түркістан облысының туризм басқармасының тапсырысымен қолға алынған жобаға түркітілдес 5 мемлекеттің шығармашылық өкілдері қатысты. Атап айтсақ, белгілі әнші, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі – Мирбек Атабеков, өзбекстандық танымал актриса, әнші әрі тележүргізуші – Ситора Фармонова, атақты әншілер Амиль Мамедов (Әзірбайжан), Серен Узун (Түркия) және қазақтың ұлттық өнерін насихаттаушы насихаттап жүрген азамат Алексей Лодочников қатысты.
Облыс әкімдігінің қолдаумыен, «Tourism kz» телеарнасы ұйымдастырған реалити-шоуға қатысушылар автомобильдермен Түркістан облысының маңызды туристік орындарын аралады. Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен көне Сауран, Отырар қалашықтарының тарихына бойлады. Сонымен бірге «Керуен сарай» кешені мен Ақмешіт үңгірін көрді. Тікұшақпен «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығына саяхат жасады.
Бұл реалити-шоу Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі туризмін дәріптеуге, шетелдіктер үшін Түркістан облысының ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттауға, Түркі тілдес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды, мәдени байланыстарды нығайтуға арналған. Дода қатысушылары өз жанкүйерлері мен тындармандарына Түркістан облысының тарихи орындарын таныстырды. Олар рухани астанаға туристердің көптеп келу бастамасын көтерді.
28-наурызда «Rixos» қонақ үйінің мәжіліс залындағы баспасөз конференциясында шоуға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, Түркістан өңірінің табиғаты мен туристік орындары туризмді дамытуға қолайлы екенін атап өтті. Әншілер жобаның қортындысы ретінде «Керуен сарай» кешенінде жұртшылыққа гала-концерт берді. Танымал әндерін шырқап, түркістандықтар мен қонақтарының көңілін серпілтті. Ұйымдастырушылар тарапынан Серен Узунға – «Сәтті қадам», Ситора Фармоноваға – «Туризм тарланы», Амиль Мамедовке – «Зияткер жиhангез», Мирбек Атабековке – «Туризм дарабозы» және Алексей Лодочниковке «Достық жаршысы» аталымдары бойынша сыйлықтар тапсырылды.
Жоғарыда аталған әншілермен бірге гала-концертте Бейбіт Көшқалиев, Садраддин Болат сынды қазақстандық әншілер де өнер көрсетті.
Бүгінде Түркістан облысына келетін туристер саны артып келеді. Наурыз мерекесіне арналған 5 күндік демалыста Түркістанға 35 мыңнан астам адам келіп, тарихи орындары аралаған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Тазалыққа әрбір адам жауапты

Next Post

Түлкібас ауданында ортақ жайылымның үлесі артуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде