Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков тұрғындардың мұң-мұқтаждарын тыңдау мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.
“Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізілген қабылдауға, бірнеше азамат жазылған. Азаматтар жеке сауалдарын білдіріп, біршама талап тiлектерiн жеткізді.
Қабылдау барысында азаматша К.Пердебаеваға жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеу бойынша кеңес беріліп, жеке бақылауға алынды. Сонымен қатар азамат О.Чувашев пен М.Сатымбекке жеке басын куәландыратын құжатты қалпына келтіру бойынша көмек көрсетіліп, мәселелері оң шешімін тапты.
Әлеуметтік қолдау бойынша өтініштер назардан тыс қалмады.
Азаматша А.Артыкбаеваға, А.Кадыроваға және З.Санакуловаға бір реттік әлеуметтік, қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды.
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидатын іске асыру барысында, кестеге сай, тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізілетін болады. Халық қалаулысы Данабек Исабьеков қабылдауға жазылған әрбір азаматтың өтініші мен шағымдарының шешімін табуға өз тарапынан жұмыс атқаратынын жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар ел атынан сайланып, халық мүддесі үшін жұмыс істеп жүрген депутатқа алғыстарын жаудырды.
Г. Қалмырзақызы