Төлеби аудандық мәслихатның бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының І тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Төлеби автобус паркі» ЖШС-не бөлінген субцидияның игерілу барысы жайлы және атқарылып жатқан жұмыстары мен переспективалық іс-шаралары туралы мәселені зерделеу бойынша жұмыстарды бастады.
Комиссия төрайымы ретінде субсидияның игерілуін талқылау жиынын жүргіздім. Депутаттар «Автомобиль көлiгi туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығымен танысып, тұрақты комиссия мәжілісінде біршама сұрақтар қойды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарламаны аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары А.Момынов, аталған бөлімнің бас маманы Д.Жүнісбеков және «Төлеби автобус паркі» ЖШС-нің инженері С.Жылқыбаев жасады.
Депутаттар «Төлеби автобус паркі» ЖШС-нің көлік жүйесін жаңғырту, қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасын жақсарту, көліктердің жолаушыларды тасымалдауға жарамдылығы, бөлінген субсидиялар жанармай шығындарын жабуға, жалақы төлеуге, сатып алған жаңа автобустар үшін лизинг қарызын төлеу туралы, сонымен қатар аудан халқын толғандырып отырған кезек күттірмейтін маңызды мәселелерге көңіл бөлді.
Бұл мәселе, зерделеу қорытындысымен алдағы болатын тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісінде қаралатын болады. «Төлеби автобус паркі» ЖШС-нің қызмет көрсету сапасы «Nur Otan» партиясының бақылауында болады
Құрметті Төлеби аудан тұрғындары!
Осы мәселе бойынша Төлеби аудандық мәслихат аппаратына хабарласуларыңызға болады. Байланыс нөмірі: 6-15-41