masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Басты мақсат — сапалы білім, саналы тәрбие!

24 января, 2022
in MASA24.KZ, Білім
0
Басты мақсат — сапалы білім, саналы тәрбие!
0
SHARES
27
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жыл бойы еткен еңбек, игі істер жемісі жоғары көрсеткіштермен түйінделді. Тәуелсіз елмен тел жетілген Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетіне биыл 23 жыл толмақ.

Жаңа барыс жылы табыс жылы болатынға ұқсайды. Өткен жылдың еншісінде қалған жұмысты саралайтын болсақ, білім ордасы толағай табысқа қол жеткізген. Кәсіпте адалдық танытып, еселі еңбек еткендер лауазымдық қызметіндегі сапалы жұмысы үшін алғыс алды. Олар профессор-оқытушылар құрамы мен үздік қызметкерлер. Белсенділер бұл күні  ректордың Алғыс хаты және ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

«Біздің университеттің құрылғанына биыл 23 жыл толады. Қазір университетте 10 мыңнан астам счтудент тәрбиеленіп жатыр. Бұл деген үлкен армия. Ал, болашағымызды жарқын жетістіктермен байланыстыратын біздер үшін сапалы білім арқылы талай шыңдарды бағындырамыз деген үмітеттеміз. ол үшін ең алдымен, бірлігіміз мықты болуы керек!!!» деді, өз сөзінде Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің ректоры Рабиға Қуатбекова.

Бұл жиынға бірқатар халық қалаулылары да қатысты. Басқосуда «Nur Otan» Партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, партия атынан бірқатар қызметкерлерге алғысын білдірді. Білім ордасында қазір 13 мыңға жуық шәкірт оқу-білімменн сусындап жүр. Биылдың өзінде бітіруші  курстың 182 студенті жаңартылған білім беру мазмұны бойынша іс-тәжірибеден өтті. Мерекелік шарада осы курстан өткен шәкірттерге білімін растайтын сертификат үлестірілді.

Университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры, жастар жанашыры Берік Садықов ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиынға жергілікті әкімдік өкілдері мен жұмыс берушілер де арнайы қатысты. Ұжымға жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, ғылым мен білім саласында адал еңбегі, жоғары нәтижелері үшін бірқатар студент марапат алып марқайды.

 

Г. Қалмырзақызы                                   

Previous Post

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ - ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Next Post

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІ СЪЕЗГЕ ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде