Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінде ел алдында тұрған маңызды жаңа мақсат-міндеттермен таныстырды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев:
— сыбайлас жемқорлық пен формализмге байланысты қоғамның сенімі төмен, мемлекеттік қызметте жақсы кадрлар қажет
— кейбір бастамашыл шенеуніктер бірнеше жыл бойы өз кабинеттерінде отыр, жас мамандардың дамуына жол бермеді
— жаппай бюрократия, Үкімет мүшелері халықпен тілдесіп, өңірлерге жиірек шығуы тиіс
— дамуды бәсеңдететін барлық процесті жою керек
— мемлекеттік органдар макулатура мен мағынасыз хат алмасады
— цифрландыру сәнді ойыншық емес, ол пайдалы болуы тиіс
— есептердегі сандармен ойнауды доғару қажет
— жастардың жұмыссыздық мәселесін шешіп, сапалы білімге қол жеткізу керек, жақсы мұғалімдер керек
— әлемдік жоғары оқу орындарының бөлімшелері керек, еліміздің батысында техникалық жағынан екі филиалды, инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын ашу керек
— қазақстандықтарға көмек көрсету үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырамын. «Бұл президент немесе үкімет қоры емес. Бұл барлық қазақстандықтың қоры, бұл халық қоры! Адал басшы тағайындалады және толық ашықтық қамтамасыз етіледі». Бұл қорға монополистер ақша аударатын болады
— «Елбасының арқасында Қазақстанда өте бай адамдар пайда болды».
— премьер Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуі тиіс
— коронавирус өршіп жатыр, еркінсуге болмайды, деді Президент.
Қазақстан халқына алғысын айты
Қадірлі отандастар!
Қиын күндер артта қалды.
Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген бүкіл халқыма шынайы ризашылығымды білдіремін!
Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек.
Ең бастысы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет.
Енді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады.
Бұл шынайы жаңару кезеңі болады.
Егемен елімізді бірге өркендетейік!
Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат.
Жаңа Қазақстанды Бірге құрайық!
— деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Мұндайда ел болашағы үшін жауапкершіліктің ауыр жүгі Мемлекет басшысының мойнында. Ал дәл қазір Президент әр азаматтың, әр отбасының, тұтас қоғам қауіпсіздігінің жалғыз кепілі!
Осы орайда, мен барша қазақстандықтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын!
Дәл осы орайда, Мен Арыс қаласынан сайланған » Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде қала тұрғындарымен төтенше жағдай жарияланғаннан бері бірге екенімді атап айтқым келеді.
Өңірдегі тыныштықты қамтамассыз ету үшін арнайы комиссия құрылып кәзіргі таңда жұмыстар алып барудамыз.
Сонымен қатар ел тыныштығы үшін жанын берген және жараланған азаматтарымыздың тез сауығып кетуіне тілектеспін.
Біз қай жерде туып, қай өңірде жүрсек те бір атаның баласымыз. Қарға тамыр қазақпыз!
Мен күшті де қуатты, әсем де әлеуетті мемлекеттің ертеңіне сенемін! «Nur Otan» партиясы еліміздің тыныштығы үшін аянбай еңбек етеді.
Аман болайық! Ел бірлігі мен берекесін сақтайық, ағайын!
Мемлекет басшысы тапсырмалары толық іске асуы жолында бәріміз өз үлесімізді қосайық Қазақ елі!
Рабиға Қуатбекова
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты