masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ҮКІМЕТ ҚҰРАМЫНА БІРНЕШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

13 января, 2022
in Cаясат, MASA24.KZ, Билік
0
ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ҮКІМЕТ ҚҰРАМЫНА БІРНЕШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ
0
SHARES
22
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет.  Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет», — деді мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында.

Жиын барысында Президент жаңа Үкімет басшысы қызметіне Әлихан Смаиловты ұсынды. Мәжіліс депутаттары премьер министрлікке Әлихан Смаиловты лайықты кандидат деп тапты.

Президент жаңа Үкіметке мемлекеттің  саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларында атқарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар берді. Бұған қоса, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді.

Қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек көрсетуді ұсынды. Сондай-ақ,  қысқа мерзім ішінде қираған дүние-мүлікті қалпына келтіру керектігін,    қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау маңыздылығын атап өтті. Кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңыздылығын айта келе, кәсіп ашуды мақсат еткендерді қолдау үшін берілетін мемлекеттік грант көлемі 400 АЕК болатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы сөзінің соңында қайғылы күндері бірлік танытқан қазақстандықтарға шынайы ризашылығын білдірді.

Мадина Ермаханбетова, 

Төлеби аудандық мәслихатының депутаты 

Previous Post

Жаңа Қазақстанды Бірге құрайық!

Next Post

ҮКІМЕТ ҚҰРАМЫ АУЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде