Өткен жылы қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі — 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Кәсіптік және техникалық білім беруге қатысты Ұлттық жобадағы– қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету ісі бүгінгінің талабы. Ал, «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» – оңтүстік өңірі бойынша жеңіл өнеркәсіпке тігін және тоқыма өндірісіне кәсіби жұмысшы мамандарын даярлап келе жатқан бірден бір білім ордасы.
Оқу ұясының миссиясы – білікті, білімді бәскеге қабілетті маман дайындау. Колледж шәкірттері дуалдық оқыту, модульдік-құзіреттілік оқыту жүйесі, эксперименттік режимде CLIL әдістемесін енгізу бойынша білім адып жүр. Бүгінде оқу жүйесі көптілділік және ТжКБ-ның жоғары біліммен сабақтастығын нығайтты. Құзыреттілікті бір контекстен екіншісіне ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оқытудың кредиттік-модульдік технологиясына көшкен. Тағы бір айта кетерлігі, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға – инклюзивті білім берілуде.
Колледждің оқыту жүйесіндегі оңды нәтижелердің арқасында «Жас маман» жобасы бойыншав құрал-жабдықтар мен оқуға қажетті заттар тізбесі толығымен жаңартылды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бекітілген тізбесін басшылыққа ала отырып, мемлекеттің сатып алу конкурсы арқылы 274 млн. тенге қаржыға құрал- жабдықтар сатып алынды. «WorldSkills»стандарттарына сай келетін әлемдік бренд JUKI , Rotondi, Kashima, Jeux, Kanzai компанияларының тігін өндірісіне арналған құрал-жабдықтарымен 10 өндірістік шеберхана жабдықталды.
Осыған орай колледж базасында «Worldskills» чемпионатының «Дизайн және киімдерді модельдеу» құзіреттілігі бойынша дайындық алаңын құру көзделген еді. Ойға алған мақсат-міндет орындалды. «Оңтүстік» АЭА-та орналасқан өндірістік ғимаратында Тәуелсіздік күніне орай 2020 жылдың 14 желтоқсанда Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығы ашылды. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысты.
Білім және Ғылым Министрлігі орта арнаулы оқу орындарына «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу әдістемедік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» тапсырма берген болатын. Біздің ұжым бұл межені де сәтті бағындырды. Тоқыма (киім, аяқ киім және тері бұйымдары) бейіні бойынша оқу әдістемелік бірлестігі құрылды. Бүгінде колледжде 1103 студент білім алуда, оның 88%-ы әлеуметтік әлжуас отбасылардан шыққан студенттер. Сондай-ақ, білім ордасында бас бостандығынан айырылыған азаматтарға да беру жүйесін бекіткен. ИЧ 167/4 түзеу мекемесі базасында сотталған 50 студентке жеңіл өнеркәсіп саласының қыр-сыры үйретіліп келеді. Соның арқасында темір тордың арғы жағында жатқан азаматтар еңбекке баулынып, қолөнер бұйымдарын тігуді меңгеріп жатыр.
Ал, «Кедергісіз Қазақстан» жобасы Үкімет бекіткен басты межделердің бірі. Ұжымда тосқауылсыз ортаның болуы үшін: пандус, кіру тобы, шақыру батырмасы, жабдықталған санитарлық-гигиеналық бөлме, ұтқырлықты қолдау үшін бағдарлау жүйесі, дыбыс сигнал, жарық сигнал, тактильді жолдар бар. ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығына сәйкес, құрал-жабдықтар, жиһаздармен жарақтандыру дұрыс жолға қойылған. Логопед, дефектолог, сурдоаудармашы сүйемелдеуі ұйымдастырылған.Педагогтердің жалпы санынан инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтардың үлесі 25 %-ды құрайды. Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі қазір білім қуған жастардың таңдаулы оқу ұясына айналды. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта оқыту семинарларын ұйымдастырып келеміз. Тәжірибе алмасу (мастер-кластар), мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру, бюджеттен тыс қаражат есебінен кабинеттерді оқыту, жабдықтау, балалардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру (жәрмеңкелер, көрмелер, мұражайлар) жұмыстары қарқынды жолға қойылған. Ал, мемлекет басшысының «Цифрлы Қазақстан» жобасы бойынша берілген тапсырмасы да жүзеге асып келеді. Колледж базасында қолайлы жағдай және қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында 63 бейне камера орналастырылған.Тігін өндірісі және тоқу өндірісі бойынша 37 әлеуметтік серіктестер — жұмыс берушілермен келісілген оқу жұмыс жоспарлары бекітілген. Бұл білім ордасын бітірген түлек жұмыссыз қалмайды. Өткен оқу жылында жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 88,7%-ды құрады.
Білім сапасының динамикасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету мақсатында «2021 жылы Қазақстан Республикасы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК-ның орта балы 41,26 көрсеткішті көрсетті. Бұл өте жақсы нтәиже. Қазақстан колледждері арасында алдыңғы қатардағы ІІ орында тұрмыз.
Дуальды оқыту нысаны бойынша 2021-2022 оқу жылында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» бойынша (10 топ) 216 студент және «Тоқу өндірісі» мамандығының (3 топ) 75 студенті білім алуда. Өткен жылдар тізбегінде түрлді халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанғандардың сапында біздің колледж шәкірттері көш бастады. Атап айтсақ: «Worldskills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты-2016» жеңімпазы, Минск қаласында өткен ІІІ Республикалық қәсіби іскерлік «Worldskills Belarus-2018» чемпионатының ІІ орын иегері.«Worldskills Russia–2017» Краснодар қаласында өткен ченпионаттының 3 орынды, Венгрияда Будапешт қаласында «EuroSkills Budapest -2018» чемпионатында 10 орын, 2018 жылы Ресейде Ижевск қаласында 2 Халықаралық Парадельфийлік Ойындарында құлағы естімейтін мүгедек балдары 2 және 3 орын иеленді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Этно-fashion-2017» фестивалінің (Астана қ.) жеңімпазы. Нұр-Сұлтан қаласында өткен ұлттық «Worldskills Kazakstan-2019» чемпионатының «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді.Нұр-Сұлтан қаласында өткен ұлттық «Worldskills Kazakstan» чемпионаты аясында өткен «Abilimpics» мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысшы мамандықтар чемпионатына қатысып жүлделі І орынды иеленді.Шымкент қалалық қәсіби іскерлік «Worldskills Shymkent-2019» чемпионатында 1 орын иеленді. Шымкент қалалық қәсіби іскерлік «Worldskills Shymkent-2020» чемпионатының «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша қатысып жүлделі І орынды иеленді. 2020 жылы ТжКБ беру ұйымдарына арналған «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» жобасы бойынша Слаев Еркин Ерболатугли жеңімпаз атанды. 2021 жылдың 12 наурызында байқау қорытындысы бойынша колледжіміздің студенті Бекмурза Мариям (жетекшісі Асабаева Гулназым) «Көшпенділер» киім жиынтығы жүлделі 1-орынды иеленіп Испанияда өтетін Marbella Fashion Week сән байқауына қатысып жүлделі І орын алды.2021 жылдың 23-24 қазан аралығында Түркістан қаласында өткен Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығына арналған «Тайқазан» республикалық ұлттық киімдер байқауына қатысып «Сырлы-Өрнек» киім жиынтығы жүлделі І орынды иеленді2021 жылы «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» байқауында Анарбай Жамал Ернарқызы жеңімпаз атанды. 2021 жылдың желтоқсан айында Қарағанды қаласында өткен «WorldSkillsKazakstan -2021» Ұлттық чемпионатында колледж студентті Бекмурза Мариям Ғаниқызы СIS бағдарламасының есептеп шығарған нәтижесі бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді.
Бүгінде осынау білім биігін бағындырған білім ордасында 102 педагог-қызметкер жас ұрпаққа сапалы білім нәрін сеуіп жүр. 64 оқытушы, 40 өндірістік оқыту шебері. «Worldskills» халықаралық және ұлттық сарапшылар-2; «Кәсипқор» холдингінің штаттан тыс тренерлері-3;Халықаралық Инклюзивті білім беру саласындағы сарапшы-2; «Кәсипқор» холдингінің тағылымдамасынан өткен оқытушылар мен ө/о шеберлері-102;-Педагогтардың IT-құзіреттерін дамыту және жетілдіру біліктілік курсы-13
-«Жас маман» бағдарламасы бойынша алынған жабдықтармен жұмыс жасау негізінде дайындық курсынан өткен -40 педагог;-Халықаралық деңгейдегі біліктілік арттыру курсы-2; Ғылыми немесе акедемиялық дәрежесі бар педагогтер саны: магистр-32.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес аттестаттаудан өткен педагог қызметкерлерінің саны:
педагог-шебер-3;
педагог-зерттеуші-5;
педагог-сарапшы-7;
педагог-модератор-19.
Педагог қызметкерлердің ішінде жас мамандар 22 % құрайды.
Оқу-әдістемелік кеңес мақұлдаған әзірленген бағдарламалардың, оқу-әдістемелік кешендердің, әдістемелік ұсынымдардың құралдары сақадай сай. Атап айтсақ: «Дуальды оқыту негіздері» атты («Әлем» баспасы-2017ж.) оқу құралының авторы Г.Ж.Тагаева, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде инклюзивті білім беру үдерісін ұйымдастырудыңәдістемелік нұсқаулығы» авторы Г.Ж.Тагаева, «Тоқу өндірісінің жабдықтары» оқу құралы. Авторы А.Б.Турлыбекова, М.О.Алимбетов, Н.Б.Абдикаликова, О.К. Балабековт.с.с. Бәсекеге қабілетті маман даярлауда материалдық-техникалық базаны жақсарту ең маңызды іс. Осыны ескере отырып, оқу дәрісхана саны – 22-ге толықты. 9 тігін шеберханасы бар. Бұдан бөлек, Экономикалық аймақта-10 тігін шеберханасы жұмыс істеп тұр. сандық зертхана саны-2-еу. 10 интерактивті тақтамен жабдықталған.
Оқу-тәрбие үдерісі кезінде білім беру ұйымының аумағында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан тіркелген жарақаттану жағдайлары, суицид, қылмыстық-құқық бұзушылық және қолайлы жағдайлар мен қауіпсіз ортаны құру бойынша ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Сонымен қатар кадрлардың тұрақтамауы, ҰББД сапасыз толтыру көрсеткіші орын алған жоқ. 5 жылда 1 рет біліктілікті арттыру курсынан өтпей қалған педагогтер болған жоқ.
Біздің білім ордасының ұжымы әлемді әбігерге салған тәж тажалының өршіп тұрған шағында шәкірттермен бірге, бетперде тігу ісінде де өзгелерге үлгі бола алды. Осы арқылы ұстаздар жас ұрпақты еңбекке баулып, қиын қыстау кезде қиналғанға қол ұшын беру деген сынды адамгершілік қасиеттерді ұғындыра білді деп ойлаймын. Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің атқарған жұмысын нәтижелі деп есептеймін. 2021 жылдың қараша айында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу туралы» білім беру ұйымының басшысы ретінде аттестаттаудан өтіп, бірінші санатты басшы лауазымына ие болдым. Соған сәйкес жалақымда 100 %-ға көтерілді. Бұл озық отыздыққа беттеген Қазақстанның білім саласына ден қоюының арқасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке еліміздің ертеңі жастарға сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегімізді елеп, педагогтерге барынша жағдай жасап отырғанына қуаныштымыз! Алғысым шексіз. Сапалы, бәсекеге төзімді маман даярлау жолында сарқа күш жұмсасақ, Қазақстан болашақта экономикасы қарыштап дамыған, қуатты ел боларына сенімдіміз.
Тағаева Гүлмира Жапбарқызы,
Шымкент қаласы Білім басқармасының
«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК-ның директоры,
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының бірінші санатты басшысы



