masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

БІРЛІГІМІЗДІ БЕКЕМДЕП, ЫНТЫМАҒЫМЫЗДЫ АРТТЫРАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

13 января, 2022
in Cаясат, MASA24.KZ, Билік
0
БІРЛІГІМІЗДІ БЕКЕМДЕП, ЫНТЫМАҒЫМЫЗДЫ АРТТЫРАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
0
SHARES
27
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бейбіт заманда елдің тыныштығы үшін қаза тапқан барлық құқық қорғаушылар, сарбаздар, тәртіп сақшыларының отбасыларына, қапыда көз жұмған сәбилердің ата-аналарына қайғыра көңіл айтамын.
Қарапайым халықтың қалыпты өмір тіршілігіне, бизнес нысандарына, әлеуметтік және мемлекеттік мекемелердің үздіксіз жұмыс жасауына айрықша нұқсан келтірілген алмағайып уақытта «Nur Otan» партиясы Мемлекет басшысына қолдау көрсетіп, тапсырмалардың орындалуын жіті бақылауда ұстап отыр.
Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірлерде төтенше жағдай жариялады. Бүгінде, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қадағалауға алынды. Сондай-ақ, мұнай өнімдерінің бағасы арзандап, коммуналдық төлемдерді қымбаттатпау, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің экспортталмауы жөнінде шешім шығарды.


Халық талабы орындалды. Ендігі кезекте, алауыздық пен арандатушылардан сақ болу керек. Президент Қазастан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейтінін атап өтті. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашу арқылы біз жұмыла отырып, Қазақстан тарихындағы осы сын сағатты бірге еңсеру қажеттігін сөз етті.


« Бұдан шыңдалып шығамыз. Жуырда Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарымды жариялаймын. Мен дәйекті реформаларды бұрынғыдай жалғастыра беремін», деді Қасым –Жомарт Кемелұлы өз Үндеуінде.


Жалпы елімізге айтарлықтай залал келтірген жаппай тәртіп бұзушылық салдарын жеңіп шығу үшін тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет екенін баса айтты.
Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз. Осы бір алмағайып шақта халықты сабырға шақырып, жол нұсқап, жөн сілтеп, жұбаныш лебіз айтып отырайық. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттырайық, ағайын!

Мадина Ермаханбетова,
Төлеби аудандық мәслихатының депутаты 
Previous Post

ҮКІМЕТ ҚҰРАМЫ АУЫСТЫ

Next Post

Бірлік бар жерде, алынбайтын асу жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде