masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Торқалы той қызығы: Ел дамуына елеулі үлес қосқандар марапатталды

13 декабря, 2021
in MASA24.KZ, Билік
0
Торқалы той қызығы: Ел дамуына елеулі үлес қосқандар марапатталды
0
SHARES
24
VIEWS
БөлісуТуиттеу

 

Желтоқсанда жылды қорытындылап, алдағы мақсаттарды айқындау – көп елде қалыптасқан дәстүр. Ел мерейін асырған мереке. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мейрамы қарсаңында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы бірқатар белсенді азаматтарды марапаттады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Биыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияланғаны белгілі. Президент бұл тағылымды датаны тойлап қана қоймай, жаңа мемлекет құруға ат салысу керек екенін мәлімдеген еді. Салтанатты жиында сөз алған шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы «халық үніне құлақ  асатын мемлекет» орнату жолындағы саяси реформалардың жемісін атап өтті.

Алыс-жақын болашақтағы басты бағдар тәуелсіздік болып қала береді, — деді әкім Әйтенов. Ал осы күнге дейін ел үшін ерен еңбек еткендер  елеусіз қалмады. 16 азамат «Халық алғысы және «Белсенді қызметі үшін» төс белгісін тағынды. Ел партиясының өңірдегі филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева «Халық алғысы» медаліне ие болды. Қызметіне қырағы, жұмысына жауапты Жанар Әлібекқызы: «бұл марапат бізге жауапкершілік жүктейді» дейді.

 

Мерекелік жиында мерейі тасыған Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиаланың басшысы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Данабек Исабеков «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісіне ие болды. Халық қалаулысының айтуынша, бүгінгі марапат иелері сайлауалды бағдарламаларда айтылған мақсат-міндеттердің орындалуына барынша үлес қосып жүрген азаматтар екен.

 Мерейлі дата қарсаңындағы бұл марапаттар халықтан алған алғыс іспетті. Кеудесіне «Халық алғысы» медалін тағынғандар сапында е депутат Дария Қожамжарова да бар. Қуаныш иесі төртінші онжылдықта ауыр белестерді ел болып еңсеріп, жемістер еселене түсетініне үміт білдірді.

Білімнің шырағын жаға жүріп, депутаттық корпусқа жүктелген ауыр жүкті жауапкершілікпен атқарған депутат — Альбина Елшиева да марапат төрінен көрінді.

 Мерекелік шарада сондай-ақ, түрлі сала қызметкерлері партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Жиын соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.

Г. Қалмырзақызы 

Previous Post

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде