«Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Жол картасын іске асыру мақсатында Түркістан облыстық маслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция жетекшісінің орынбасары Р.Қуатбекова қаламыздағы Түркістан облыстық адамиәлеуетті дамыту басқармасының «Абай» атындағы білім-инновациялық ер балаларға арналған лицейинтернатына ат басын бұрып, аталмыш мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Биылғы оқу жылында жаңадан ашылған білім мекемесінде, еліміздің түкпір-түкпірінен 145 бала білім алуда. Лицей-интернаттың директоры Е.Тұрлыбековтың сөзінше шәкірттердің барлығы іріктеу кезеңінен өтіп, жоғары нәтиже көрсеткенін және оқушыларға арналған 4 мезгіл тамақпен жаңа үлгідегі жатақханаға орналастырған. Қазіргі таңда білім алушылар заманауи құрал-жабдықдармен қамтылып, үш тілде білім алуда.
Түркістан облыстық маслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция жетекшісінің орынбасары Р.Қуатбекова аталған мекеменің ішкі жағдайымен танысып, ұстаздар қауымымен тілдесіп, алдағы уақытта «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына орай, қаладағы білім нысандарына көптеген көмек көрсетілетіндігі жөнінде атап өтті.