masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан: Мақтааралда 1200 орындық мектеп салынды

12 августа, 2021
in Білім
0
Түркістан: Мақтааралда 1200 орындық мектеп салынды
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген шағын ауданда 1200 орындық алып мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Күні кеше аудан әкімі Бақыт Асанов нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалады. Мектептің елімізде баламасы жоқ. Білім ұясының жалпы алаңы 2,7 гектарды құрайды. Ішкі спорт залында көрермендерге арналған 200 орындық орын бар.

Мектептің асханасы 420 орынға есептелген. Сыртқы аулада салынып жатқан алып футбол алаңы мен волейбол, баскетбол алаңдары да көлемді. Қазіргі таңда мектептегі физика, химия, информатика кабинеттерін, мультимедиялық және лингафондық кабинеттерді соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша оқушылар түрлі спорттық, өнер және қолөнер үйірмелеріне қатысып, өздерін қосымша дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалады.

Білім ошағының техникалық-базалық жабдықталуына үлкен мән берілген. Сонымен қатар, нысанның сыртқы жарықтандыру, абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Айта кетейік, облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен бас мердігер «АРТ-Құрылыс» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан алып нысан үшін ҚР Үкіметі резервінен 2,6 миллиард теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында жалпы 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 8 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан облысында биыл орта білімді кадр даярлауға 6 мыңнан астам грант берілді

Next Post

Асфальттің сапасы жақсарып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде